21 Тамыз, 2016

Әскерге кәсіби сержанттар келіп жатыр

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21.08.2016 AST-1 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 60 сержантқа арналған он күндік оқу жиындар өтіп жатыр. Сержанттардың барлығы – Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының түлектері. Олар тәжірибелі сержанттардың қарамағында қызмет етеді. Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚК Кадет корпусы – кіші командалық құрамдағы әскери кадрларды дайындаумен айналысатын оқу орны. Білім ошағы мотоатқыш, танкті, әуе-десанттық әскерлер мамандықтары бойынша кадрларды дайындайды. Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 ай.  Оқу аяқталысымен барлық кадеттер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне бөлінеді. Әрқайсысымен 10 күнтізбелік жыл мерзіміне келісімшарт жасалады. Биылғы жылы Кадет корпусынан 185 кадет түлеп ұшты.  Кадет корпусы құрылған кезден бері 2 500-ден аса сержантты дайындап шығарды. Дастан КЕНЖАЛИН 21.08.2016 AST-2 21.08.2016 AST-3 Фото: Қорғаныс министрлігі