21 Тамыз, 2016

Футбол. «Астана» кезекті жеңісіне жетіп, ұзай түсті (видео)

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-08-16-football-3

Бүгін, 21 тамыз күні футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасы 24-турының қалған ойындары ойналды. Кеше басталған бұл турдың 1-6 орындар үшін таласушы тобының алғашқы екі ойынында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбені» 3:1 етіп ұтса, «Ертіс» Павлодарда Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 0:2 болып ұтылған еді. Жексенді күні «Астана» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасысын» қабылдап, 2:0 есебімен тізе бүктірді. Голдарды 2-минутта Азат пенальтиден, Патрик Твумаси 50-минутта ойын кезінде салды. Елорда футбол командасы осы жеңісінен кейін «Қайраттан» 7 ұпай алға кетіп қалды. Бұл күні сондай-ақ 7-12 орындар үшін ойнап жатқан командалар да өзара кездесті. Талдықорғанда «Жетісу» Қостанайдың «Тобылынан» 2:0 есебімен басым түсті. Голдардың авторлары – Нарек Бегларян (65) мен Артем Касьянов (76). Қарағандының «Шахтері» мұның алдындағы екі жеңісінен кейін өз алаңында жанкүйерлерін ренжітті. Кеншілер командасы бұл жолы Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Қонақтар кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды 57-минутта соқты. Оны Фредди Коронель дәл ұрып түсірді. Ал «Тараз» өз үйінде «Атырауды» 1:0 етіп сүріндірді. Голды Малик Мане 70-минутта өз есебіне жазды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ https://youtu.be/bS7TViVjXoo