Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу – әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты.
Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Талғат РАЙЫМБЕК

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше