22 Тамыз, 2016

Жоғалғандар көбейіп барады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-08-16-bala Қазақстанда жыл басынан бері 1823 адам жоғалған. Соның 323-і әлі іздестіріліп жатыр. Салыстыру үшін айтсақ, 2015 жылы жоғалып кеткен 2992 азаматтың 468-і сол беті табылмаған.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлады. Елімізде көбіне ер адамдар жоғалады екен. Тәртіп сақшылары олардың басқа аймақтарға қызметтік іс-сапарларға, уақытша жəне мерзімдік жұмыстарға кеткенде, әртүрлі рейстерде көлік жəне жүктерді тасымалдауға шыққанда қайтып оралмай жататындығын айтады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі, көбіне ішімдікке салынған отбасылардың балалары жоғалатынын алға тартады. Ата-аналар балаларынан қалай айырылып қалғанын дер кезінде білмей де қалады. Балалар нашар баға алғаны үшін ата-аналарынан жасырынады, мектептен үйіне оралмайды. Ал, әлеуметтік желінің ығына іліккен, кәмелетке толмаған жастар қылмысқа ұрынып жатады. Сол сияқты жастар танысу сайты арқылы кездесуге жиі барады, ал ата-аналары болса балаларының кіммен араласып жүргендігіне жіті мән бермейді. Міне, осындай келеңсіздіктер кесірі ақыры жастардың жоғалуына, қылмысқа ұрынуына соқтырады. Айман МҰҚЫШЕВА