Шығыс жұрты тағы да бір елеулі іс атқарды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қазақтың біртуар ақыны Абайдың әжесі Зереге арналған ескерткіш Жарма ауданының Қалбатау ауылында бой көтерді. Асыл аналарға деген құрмет, ізгілік, ілтипат көрсету жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Ұлы даланың ұлы аналары» атты іс шара аясында қолға алынған болатын. Игілікті бастаманың ұйытқысы болған Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов ел аналарына деген құрметтің ескерусіз қалмайтынын айтады. «Ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы ұлтты тәрбиелер асыл жандарымызға тағзым ету қашанда парызымыз», – дейді ол.
Торқалы тойға қатысқан Құнанбай фильмінде басты рөлді сомдаған Досжан Жолжақсынов өз ойын былай тарқатты: «Жұмақ аналардың табанының астында. Алып анадан туады дейді халқымыз. Әлемнің бар асылы – данышпан ғалым да, сөз бастаған шешен де, ел бастаған көсем де ананың көкірегінен нәр алып, тамыр жаяды. Көркем өнер саласында еңбек еткен адамдарға, аудан жұртышылығына алғысым шексіз».
Әдемі үйлесім тапқан мүсіннің бейнесін Ертіс Тәтиев пен оның ұлы Еркебұлан Ертісұлы жасап шыққан екен. Ескерткіште Зеренің алдында бала Абай бейнеленген. Олардың айтуынша, бұл идея романнан алынған үзіндіге негізделіп жасалған. «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болғанын, жастайынан қисса дастандарды естіп, көкейіне тоқып өскенін білеміз. Қолы алтын шеберлердің осындай туындылары тарихымыздың ашылмаған сырларын, ақтаңдақ беттерін ақ параққа түсірумен тең. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы болған ардақты аналарға қандай құрмет көрсетсе жарасымды. Бұл игілікті іс өзге өңірлерде де жалғасын тауып жатса құба-құп.
Айман МҰҚЫШЕВА

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25