23 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 20 тамызда Түркияның Газиантеп қаласында орын алған жарылысқа қатысты мәлімдемесі

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түрік Республикасының Газиан­теп қаласында ондаған адамның қаза болуына себеп болған террорлық актіні қатаң айыптаймыз. Неке қию тойына қатысу­шыларды нысанаға айналдырған қылмыскерлердің қатыгездігі ерекше ашуымызды тудыр­ды. Бауырлас түрік халқының, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының қайғы­ларына ортақтасып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге жара­қаттарының тезірек жазылуын тілейміз. Қазақстан Республикасы әлем­­дік қоғамдастықтың террор­шыл­дыққа қарсы күресін қолда­йды және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты және әрекет­терді бірлесе үйлестіруді одан әрі нығайтуға шақырады.