23 Тамыз, 2016

Додаға дайындық пысықталды

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
22.08.2016 Talisman 22.08.2016 MedalАлматыда 28-ші Дүниежүзілік 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық жөнінен ұйымдастыру комитетінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісті Универсиада­ны ұйым­­дас­тыру комитетінің төр­айы­мы Дариға Назарбаева жүр­гіз­ді. Қала әкі­мі Бауыржан Байбек Уни­вер­сиадаға да­­йын­­­дық кесте­сі­нің бел­гі­ленген мер­зімнің алды­нда келе­тінін, оған дәлел – күні бүгінге де­йін құрылыс нысан­дары­ның 90 па­йыз­дан астамы салынып біткенін тілге тиек етті. Өз кезегінде атқарылып жат­қан шараларға қатысты вице-премьер жан-жақты баға бере келіп, бір­­­қа­­тар сындар айтты. Әңгіме ба­ры­­­сын­да Дариға Назарбаева «Сұңқар» шаң­ғы кешеніндегі ора­лым­­­сыз­­дық­тарға арнайы тоқтал­ды. Осы­ған орай қала әкімі Бауыр­жан Байбек вице-премьерге аталған кешендегі ойындар кестесі толық «Табаған» тау шаңғысы курортты аумағына көшірілгені туралы мәлімдеді. Өйткені, биылғы жаз айындағы тоқтаусыз жауған нөсер «Сұңқар» спорт кешенінің аумағында шын мәнінде де 17 жерден залал келтірді. Соған қарамастан, Алматыдағы негізгі мұз сарайлары мен айдындары, спорт қалашықтары бүгінгі таңда әлемнің спорт жұлдыздарын қарсы алуға сақадай сай. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Уни­вер­сиада Алматыда 2017 жыл­д­ың 29 қаңтары мен 8 ақпаны ар­­алы­ғында өтеді. Әлемдік дода­ға дүние жүзінің 64 елінен 2000-нан ас­там спортшы қатысады. Оның үсті­не, барлығы Алматыға сол тұста  қазіргі есеп бойынша 30 мыңнан астам шетелдік қонақтар мен туристер келеді. Оларға 3000  волон­тер қызмет көрсетеді. Әлем­дік додада 12 спорт түрінен барлығы 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ұйымдастыру комитетінде қазақ спортшыларының спорт киімі­­нің үлгілері, Универсиа­да тұма­­ры мен жүлдегер­лерге бері­ле­тін медаль түрі көрсетілді. 2017 жыл­дың 25 қаңтарында старт алатын спорт ойындарының алауы Аста­на мен Алматы қалаларында, рес­пуб­ликаның барлық 19 жоғары оқу орын­дарында бір мезетте тұтана­­ды. Алау көтерген студент жас­тар құра­масының жолы  Уни­вер­­сиа­даның сал­танатты ашылу сәтін­де түйіседі. Тағы бір ес­керерлік жайт, режиссерлік қойы­лымды қазақ­стан­дық маман­дар жасайды. Ұйымдастыру комитеті шетелдік мамандар мен «жұлдыздарды» жаппай шақырудан бас тартып отыр. «Мамандар да, жұлдыздар да өзіміздің елімізден де табылады» деген  ұй­ғ­а­рым­ға келген ұйымдастыру ко­ми­­те­ті осымен кезекті мәжілісін аяқтады. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ