Жуырда Шарбақты ауданы әкімдігінің өкілдері мен ауылдастары велосипедші Өміржан Ошановты Қазақстан-Қытай бағыты бойынша веложорыққа шығарып салды. Ол бұған дейін Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодардан басталған 3800 шақырымдық жолды велосипедпен 22 күнде жүріп өткен-ді. Мәскеуге жетіп, мерекелік шеруге қатысты. Әуесқой велошабандозды Кремльдің алдында жерлестеріміз күтіп алған еді.
Әрине, велосипедпен ұзақ қашықтыққа, Мәскеуге қарай жолға шыққанда күніне 150 шақырымнан жүріп отырдым. Кейін 210 шақырымға дейін жеткіздім. Жаңбыр жауды, ауа райы қолайсыз болды. Орал тауы маңынан өткенде қиыншылықтар кездесті. Бәрін де жеңуге тура келді, – дейді Өміржан Ошанов.
Келесі бір рекорды – былтыр Ертіс өзенінің 70 шақырым аралығын 10 сағат ішінде брасс әдісімен жүзіп өтті. Жүзгішті соңынан қайықпен еріп отырған төтенше жағдайлар мамандары, дәрігерлер бақылап отырды.
– Брасс – қолды, денені сыртқа шығармай, су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол-аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі. Бұған дейін 25 метрлік бассейнде 4 сағат бойы толассыз жаттығуды әдетке айналдырдым. Ал Мәскеуге жолға шығу үшін күн сайын 10 шақырым қашықтыққа жүгіріп жаттықтым. Өзімнің бұл веложорығымды соғыста шейіт болған аталарыма, басқа да майдангерлерге арнадым, – деген еді.
Өміржанның жасы 54-те. Ол жастайынан спортпен айналысыпты. Шарбақты ауылындағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді, талапты балаларды қазақша күреске баулиды.
Енді, міне, Өміржан тағы да алыс жолда, мақсаты – Моңғолия, Қытай, Ресей елдерін велосипедпен жүріп өтпекші. Әзірге ешқайда тіркелмеген Өміржанның рекордтары да күндердің күнінде есепке алынып, еленер деп ойлаймыз. Ал әзірге сәт-сапар тілеп, аман-есен оралуын күтеміз.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25