31 Тамыз, 2016

«Егемен Қазақстан» газеті түрлі-түсті бояумен шыға бастайды

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31 08 - егемен 1 қыркүйектен бастап «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Астанадағы таралымы толығымен түрлі-түсті бояумен шығады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлім етті. Оның айтуынша, басылымның басқа өңірлердегі таралымы түрлі-түсті бояуға жергілікті полиграфия кәсіпорындарының мүмкіндіктеріне қарай жаңа жылдан бастап көшеді. «Біз келешекте еуропалық стандарттағы А2- форматына көшу мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Егер бұл форматқа көшсек, газетті көліктегі, ұшақтағы жолаушылардың оқуына өте қолайлы болар еді деп ойлаймыз», – деді Д.Қыдырәлі. Сонымен қатар, «Егемен Қазақстан» газетінің шетелдердегі арнаулы тілшілер қосынын ашу да жоспарланып отыр. Басқарма төрағасы қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Бірінші кезекте алыс-жақын шетелдер, соның ішінде Қазақстанмен маңызды стратегиялық серіктес елдер назарға алынбақ», – деді ол. Айдар ӨРІСБАЕВ 31 08 - макет