02 Қыркүйек, 2016

Журналистер арасында байқау жарияланды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-09-16-Baiga Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі журналистер арасында байқау жариялады. Нақтырақ айтсақ, БАҚ өкілдері еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелерін қозғауы тиіс. Негізгі мақсаты – «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, олардың жұмыспен қамтылуына мұрындық болу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудегі артықшылықтарды насихаттау және аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру. Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода осы жылдың қыркүйек-қараша айларында жарық көрген БАҚ материалдары қатыса алады. Жұмыстар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 2016 жылғы 15 желтоқсанда жарияланады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы беріледі. Талғат РАЙЫМБЕК