2016 жылғы 14 маусым, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12838 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 «қбп» қаулысына сәйкес бұйырамын:».
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі – Ұлттық бюро) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты бекітілгеннен кейін, оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің және Ұлттық бюроның интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.ДОНАҚОВ