Өткен айда Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі» арнаулы экономикалық аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысқан болатын. Атап айтқанда, қор басшысы «Polymer Production» ЖШС пайдалануға берген зауытты аралаған еді. Осы орайда ол қандай зауыт және нендей өнімдер шығармақ деген сауалдың туындауы да орынды.
Аталмыш жоба полимер өнімдерінің бірқатар түрлерін өндіруді қарастырады. Мұнда жылына 14 738 тонна биаксиалды бағыттағы полипропиленді (ББПП) қабық, жылына 4 125 тонна полиэтилен қабығы және жылына 48 млн дана полипропилен қабы шығарылмақ. ББПП қабығы Қазақстанда алғаш рет өндіріліп отыр. Қабық ауыл шаруашылығында, құрылыс саласында, азық-түлік өндірісінде, бөлшек саудада қолданылады. Жобаның құны 90 млн АҚШ долларына жуық.
Халықтың қолдануына арналған өндірістердің ауқымын кеңейтуде Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы елеулі оқиға болмақ. Жоба Теңіз кен орнындағы шикізатты терең өңдеуге бағытталған. Құны – 2,6 млрд АҚШ доллары. Нәтижесінде Қазақстанда полипропилен өндірісі жолға қойылмақ. Бұл әмбебап материалды электртехника, машина құрастыру, өнеркәсіптік және коммерциялық құрылыс салаларында кеңінен қолдануға болады.
Аталған өндірістердің ауқымдылығы мен капитал сыйымдылығын ескере отырып, несие қаражатын тарту көзделуде. Бұл орайда тиісті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі шетелдік инвесторлар мен несие берушілер тарапынан басты талап болып табылады.
Арнаулы экономикалық аймақтың өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жаңа нысандар салу жоспарланған. Олар қуаттылығы 310 МВт газ-турбиналы электр стансасы, техникалық газдарды өндіру кешені, суды әзірлеу мен тазалау кешені.
Ал жалпы зауыттың инфрақұрылымын қалыптастыру үшін кедендік тексеру аймағы бар бақылау-өткізу модулі, қатты тұрмыстық шығындардың полигоны, өрт сөндіру депосы, жөндеу-құрылыс цехы, сақтау қоймасы, алаң ішіндегі су, газ, электр, жылу желілері бар нысандар бой көтермек.
Инфрақұрылым нысандарының орталықтандырылған құрылысы және пайдаланылуы есебінен күрделі шығындарды өтеуге, модульдік құрылысты іске асыруға, мұнай-химия жобаларының тиімділігін көтеруге мүмкіндік туады.
Қор басшысы сапар барысында, сонымен қатар полиэтилен, бутадиен және синтетикалық каучук өндіруге бағытталған жобалардың алдағы даму жоспарларын талқылады. Барлық жобаларды «Біріккен химиялық компания» ЖШС жүзеге асырады. Атқарылған жұмыстардың арқасында елдің батысында құрылыс жүргізу кезінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, ал нысандар пайдалануға тапсырылғаннан кейін 2 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылмақ.
Мереке ТАҢАТАРОВ

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20