10 Қыркүйек, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ № 474, №431

221 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 30 маусым № 474 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2015 жылғы 24 маусым №431 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса берілген: 1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тізімде көрсетілген кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін оны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _____________ М.ҚҰСАЙЫНОВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрі ___________ В.ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы __________________ С.Айтпаева 2015 жылғы 30 маусым Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 маусымдағы №474 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №431 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер 1. Аталған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерінің (объектілерінің) тәуекел дәрежесін анықтау үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен (Нормативтік құ­қыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әзірленді. 2. Критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы; 2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 4) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені. 3. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс. 4. Ішінара тексерулер тиісінше есептік кезең басталғанға дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жарты жылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі. 5. Ішінара тексерулердің тізімдері: 1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын; 2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады. 2. Іріктеп тексерулер жүргізуге арналған тәсілдер 6. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы ішінара тексерулері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады. 1-параграф. Объективті критерийлер 7. Табиғат пайдаланушыларды тәуекел дәрежесіне алғашқы жатқызуы тәуекел дәрежесін бағалау объективті критерийлер негізінде іске асырылады. Тәуекелді анықтағаннан кейін тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлінеді. Жоғары тәуекел дәрежесінің объективті критерийлеріне: 1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабы бойынша 1, 2 санаттағы шаруашылық қызмет ететін субъектілер (объектілер); 2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес 3, 4 санаттағы келесі субъектілер (объектілер) қоршаған ортаға әсерінің сипаты және дәрежесі бойынша: химиялық өндіріс; металлургиялық, машина жасау объектілері; пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша объектілер; құрылыс өнеркәсібі (цемент және жергілікті цементті өндіру, асбест және одан жасалған бұйымдары өндіру, шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон, темірбетоннан жасалған бұйымдар өндірісін, және де құрылыс материалдарын қабылдау, сақтау және өткізу), шығарындылардың көлемі жылына 50 тоннадан асатын құрылыс шеңберіндегі қызмет; микробиологиялық өнеркәсіп; отын жағудан шығатын электрикалық және жылу энергиясын өндіру (отын ретінде көмір, қара май, табиғи газ пайдаланатындар); парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарына енгізілген парниктік газдарды квоталау субъектілері; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы қорғау аймағы шекарасының шегінде қызмет жүргізетін субъектілер; өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қабылдау, кәдеге жарату, өңдеу, орналастыруды жүргізетін субъектілер; коммуналдық шаруашылық субъектілері (оның ішінде, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бөлу, коммуналдық қалдықтарды жинақтау, сақтау және өңдеу объектілері), және де қоршаған ортаға әсер ететін стратегиялық маңыздылықтағы субъектілер (су электр станциялары, жинақтағыштар, су қоймалары және басқа); мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу жүргізетін субъектілер; көлік құралдарын шығаратын және көлік құралдармен (жүк, жеңіл, теміржол, ауа, су) тасымалдау саласында қызмет ететін субъектілер жатады. Объективті критерийлер бойынша талдау жасалғаннан кейін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына кірмеген субъектілер (объектілер) объективті критерийлер бойынша жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіндегі субъектілерге жатқызылады. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі. 2-параграф. Субъективті критерийлер 8. Субъективті критерийлерді айқындау: 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау; 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 9. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау келесі ақпарат көздерінен жүзеге асырылатын болады: 1) тексерілетін субъектілермен (объектілермен) ұсынылатын міндетті есептілікті мониторингілеу нәтижелері; 2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді; 3) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны; 4) жүргізілген міндетті экологиялық аудит нәтижелері. 10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері үш көрсеткішке бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы. Тәуекел дәрежесін бағалау кезінде әр көрсеткіштің дәрежесі бойынша расталған критерийлердің үлес салмағы анықталады. Өрескел көрсеткіштің бір расталған критерийі 100 көрсеткішіне теңделеді және ішінара тексеру жүргізу үшін негіздеме болып табылады. Егер өрескел көрсеткіші бойынша критерийлерді растау анықталмаса, тәуекел дәрежесін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерінің қосынды мәні есептеледі. Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 мұндағы: ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші; ΣР1 – тәуекел дәрежесін бағалау кезіндегі елеулі дәрежедегі критерийлердің жалпы саны; ΣР2 – расталған елеулі дәрежедегі критерийлердің саны. Болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 мұндағы: ΣРн – болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші; ΣР1 – тәуекел дәрежесін бағалау кезіндегі болмашы дәрежедегі критерийлердің жалпы саны; ΣР2 – расталған болмашы дәрежедегі критерийлердің саны. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады: ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы: ΣР – субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші; ΣРн – болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері осы Критерийлердің Қосымшасында келтірілген. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады: 1) жоғары тәуекел дәрежесі – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі; 2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді. 11. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды. Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жарты жылдықта бір рет жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізіледі. Өткен жартыжылдық талдау кезеңі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері Ақпарат көзі Критерийлер Бұзушы­лықтар дәрежесі міндетті есептілікті мониторингілеу нәтижелері Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген есептілікті ұсынбау Өрескел Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға дұрыс емес есептілікті тапсыру Елеулі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есептілікті белгіленген мерзімін бұзып тапсыру Болмашы бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі келесі талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауға және сақтауға міндетті. Қатаң есептілік журналында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды есепке алуды жүргізу. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс Елеулі Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін сатып алушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін және болжамды қолдану салаларын көрсете отырып, озонды бұзатын заттардың әкелінген, әкетілген және өткізілген санын есепке алуды жүргізеді Елеулі Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты сулары объектiлерiнен алынатын және оларға ағызып жiберiлетiн судың бастапқы есебiн қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi Елеулі Жалпы экологиялық талаптар Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi Өрескел Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады Өрескел Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттын бар болуы Өрескел Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын орындау Өрескел Мемлекеттiк бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгiленген мерзiмде орындау Елеулі Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушы: 1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге және оны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу шеңберінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін органға ұсынуға; 2) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын iске асыруға және нәтижелерiн құжаттауға міндетті Елеулі Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушы өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға міндетті Елеулі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханаларда қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асыру Елеулі «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi экологиялық сақтандырудың бар болуы Елеулі Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтауға, шуыл деңгейiн және қоршаған ортаға өзге де терiс әсердi азайту жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi Елеулі Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi Елеулі Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс Болмашы Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс Болмашы Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше құруға не қызметкердi тағайындауға тиіс Болмашы Табиғат пайдаланушы өзінің жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге тиiс Болмашы Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары болуға тиiс Болмашы Табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөнiндегi қызмет ететін жеке және заңды тұлғаларында шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның бар болуы Болмашы Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi Қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелеріне мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдарына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының бар болуы Өрескел Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеу Елеулі Пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде топырақтың құнарлы қабатын сылып алу, сақтау және пайдалану Елеулі Пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде бүлiнген жердi қалпына келтiру Елеулі Қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтау Болмашы Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге: 1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге; 2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш топырағы болуға; 3) елдi мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға; 4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай жерлерде орналасуға; 5) инженерлiк қарсы сүзгi қорғанышы, периметрi бойынша қоршауы мен көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар кiрме жолдары болуға; 6) жер учаскесiнен шығатын жер үстi және жер асты ағыны ашық су объектiлерiне қосылмауға тиiс Болмашы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар Ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы объектiлерiнiң су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлер салуға жол берiлмейдi Өрескел Сiңiрме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн оң қорытындылары болған кезде жол берiледi Өрескел Уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдық­тарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс Елеулі Ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет Елеулі Жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi Елеулі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау) жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi Елеулі Қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға мiндеттi Елеулі Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызмет­кер­лердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыс­тар­ды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi Елеулі Қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беру Елеулі Ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс Болмашы Дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұр­ғылау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде атмо­сфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс Болмашы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс Болмашы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау Болмашы Бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негiзiнде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс Болмашы Пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкi­леттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауат­тылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайда­ланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс Болмашы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге міндетті Болмашы Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар Табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) су шығару кезiнде өз есебiнен жерасты сулары кенiн игерудiң жаңа тәсiлдерi мен технологиялық схемаларын iздестiру және қолданыстағыларды жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, технологиялық жабдықты, үздiксiз және мерзiмдi бақылау құралдарын жетiлдiруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi Елеулі Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндiру үшiн пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер асты сулары объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнiнде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органына хабарлауға тиiс Елеулі Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтiн құралдармен жаб­дықтайды, сондай-ақ өздiгiнен ағатын ұңғымаларға реттегiш құрылғылар орнатады Елеулі Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерiлуiне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудiң бекiтiлген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режимнiң орындалуына бақылау жасайды Елеулі Жер асты суларының кенiн барлау мен игеру келiсiмшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуға тиiс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар жер асты суларының кенiн ұтымды барлау мен игеруге, сөйтiп судың толық кешендi зерделенуiне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшiлiктер есебiнен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетiнiң жойылмауына қол жеткiзiлуiн қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар су тұтқыш жиектердiң ластану ықтималдығын болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар егер бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлi жиектегi судың араласып кету, бiр жиектен екiншi жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берiлмеуiн, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнiнде жедел шаралар қабылдануын қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешендi пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар атмосфералық ауаның, жердiң беткi қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектiлердiң, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс Болмашы Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс Болмашы Жер астының ашылған су тұтқыш жиектерi олардың ластануын болғызбайтындай сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс Болмашы Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн су тұтқыш жиектер ашылған кезiнде бұрғылау мен цемент ерiтiндiлерiн дайындау үшiн (өңдеу үшiн) қолданылатын химиялық реагенттердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген уыттылық сипаттамасы болуға тиiс Болмашы Жер асты сулары объектiлерiн пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде олардың жоғарғы қабаттағы су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн (аумақты су басуын, шөлейттенуiн, жердiң батпақтануын, топырақтың көшуi мен шөгуiн) болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс Болмашы Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi Елеулі Сарқынды суды ағызып жiберу кезiндегi экологиялық талаптар Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберуге жол берiлмейдi Өрескел Жерасты сулары минералға қаныққан жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін және су мөлшері тек қана текше метрмен нормаланатын сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады Өрескел Сарқынды суларды жинағыштары және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн жерлердi рекультивациялауды жүзеге асыруға мiндеттi Елеулі Ағызылатын суда бетон мен металды бүлдiрiп-бұзатын заттар болмауға тиiс Болмашы Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар су көлемін есептеу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналын жүргізуге тиіс Болмашы Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде қойылатын экологиялық талаптар Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi Болмашы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар Ұңғымаларды пайдалану кезінде, авариялық ахуалдың қауіп төндіру жағдайларын қоспағанда, флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады Өрескел Құрылыстарды салу, монтаждау және оларды қайта бөлшектеу ластаушы заттардың барлық түрлерін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін Елеулі Келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған кезде жер қойнауын пайдаланушы оларды өз балансына қабылдайды және олар бойынша мониторинг жүргізеді Елеулі Бұрғылау платформасы (баржа) және оған қызмет ететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейін арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғылармен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Бұрғылау платформаларында (баржаларда) қоқысты жағуға тыйым салынады Елеулі Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады Елеулі Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттер орналастыру Елеулі Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау
Соңғы жаңалықтар