10 Қыркүйек, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №34, №576 , №17

360 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Бас прокуратурасы 2016 жылғы 25 қаңтар №34 Астана қаласы 2016 жылғы 20 қаңтар №6 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сыртқы істер министрлігі 2015 жылғы 20 қараша №576 Астана қаласы 2015 жылғы 30 қараша №11-1-2/539 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтар №17 Астана қаласы 2015 жылғы 25 қараша №962 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидаларын бекіту туралы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылдың 28 тамызындағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ________________Б. ИМАШЕВ ________________А.ДАУЫЛБАЕВ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер _______________Б.СҰЛТАНОВ министрі ______________Е.ЫДЫРЫСОВ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі комитеті төрағасы _____________ В.ЖҰМАҚАНОВ ______________Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №34 Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 20 қаңтар №6 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қараша №576 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 30 қараша №11-1-2/539 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 14 қаңтар №17 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 қараша №962 бірлескен бұйрығымен бекітілді Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылды: 1) құзыретті мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті; 2) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) – Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасаған терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі (бұдан әрі – тізім); 3) уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асырушы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдаушы мемлекеттік орган. 3. Уәкілетті орган дереу: 1) Заңның 12-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздердің бар болуы туралы құзыретті мемлекеттік органдардан ақпарат алған жағдайда тізбеге ұйымдар мен тұлғаларды енгізеді немесе одан шығарады; 2) мұндай мәліметтердің өзгерісі немесе толықтырылуы туралы құзыретті мемлекеттік органдардан ақпарат алған жағдайда тізбеде тұрған ұйымдар мен тұлғалар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізеді; 3) қаржы мониторингі субъектілерінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тыйым салу бойынша шаралар қабалдаулары үшін тізбені, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырады. 2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі 4. Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен жеке тұлғаларды тізбеге енгізу (шығару) туралы ақпарат, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органға элекронды түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Microsoft Office Excel форматында: 1) электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі немесе мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдермен ақпаратты жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда ақпаратты электронды тасымалдағыш арқылы жіберіледі 5. Заңның 12-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздердің бірі пайда болғанда құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға дереу тиісті ақпарат жібереді. 6. Заңның 12-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша тізбеге енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары Заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, террористік және экстремистік қызметке қатысты ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы деректерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жібереді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Заңның 12-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан алған деректер негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасаған террористік және экстремистік қызметке қатысты ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне ұйымдарды және/немесе жеке тұлғаны енгізу туралы шешім қабылдайды. 7. Құзыретті мемлекеттік органдар мәліметтерді толықтай бермеген жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан қосымша ақпарат үшін өтініш жасайтын жағдайларды қоспағанда, дереу берілетін қажетті ақпаратты қосымша сұратады. 8. Тізбеге ұйымдар мен тұлғаларды енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізбеде тұрған ұйымдар мен тұлғалар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу уәкілетті органға құзыретті мемлекеттік органдардан тиісті ақпарат түскен бойда жүзеге асырылады. 9. Уәкілетті орган дереу тізбе жасалған, сондай-ақ оған өзгерістер енгізілген сәттен бастап тиісті мемлекеттік органдарға осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген тәсілдермен электронды түрде жібереді. 10. Тізбеге қателесіп енгізілген, не тізбеден алынып тастауға жататын, бірақ алынбаған ұйымдар мен жеке тұлғаларды шығару туралы шешімді уәкілетті орган Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес қабылдайды. 11. Уәкілетті органға берілген, соның негізінде тізбеге ұйым немесе жеке тұлға енгізілген ақпараттың дұрыстығы және негізділігі үшін осы ақпаратты берген мемлекеттік орган қамтамсыз етеді. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидасына Нысан Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйым мен жеке тұлғаны тізбеге енгізу (шығару) туралы ақпарат Тұлғалар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Тегі Аты Әкесі-нің аты (бар болса) Туыл-ған күні Жеке сәйкестендіру нөмірі* Жеке басын куәлан - дыратын құжат (құжат нөмірі, кім және қашан берді) Төлқұ-жат деректе-рі (төлқұжат нөмірі, кім берді) Азамат-тығы Туған жері (бар болса) Тұрғы-лықты жері Заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер* Жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар екендігі туралы мәліметтер* Енгізу/шы-ғару негіздемесі (Заң нормасы) Ұйымдар 1 2 3 4 5 6 7 8 Атауы Бизнес-сәйкес-тендіру нөмірі * Орналасқан жері туралы мәліметтер Ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса) Мемлекеттік тіркеу орны мен орналасу мәліметтер Лауазымды адамдар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер* Баста-машы ел Енгізу/шығару негіздемесі (Заң нормасы) * Шетелдік ұйымдарға және азаматтарға қатысты бағандар мәліметтер бар болғанда толтырылады Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13007 болып енгізілді.