Ханой қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен Вьетнам тарихы Ұлттық музейінің директоры Нгуен Ван Куонг екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату, сондай-ақ екі елдің музейлері арасындағы ғылыми және іскерлік байланысты дамыту.
Қос тараптың да уағдаластық жасауға өзара мүдделілігін ескере отырып дайындалған меморандум 7 баптан тұрады. Онда ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру жобаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысу және өткізу, бірлескен көрмелер, жарияланымдар ұйымдастыру төңірегіндегі мәселелер қарастырылған. Аталған меморандумға қол қою арқылы екі тарап өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында мамандармен алмасып, ғылыми құжаттар мен экспонаттардың, коллекциялардың көшірмесін жасап, өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік алады.
Екі ел музейлерінің басшылары маңызды деген тақырыптарды ғылыми игеруге байланысты жобаларға ерекше басымдық беруге уағдаласты. Алдағы уақытта ынтымақтастықтың өзге де бағыттары мен тақырыптар тізбегі нақтыланып екі жақты келісім бойынша толықтырылып отырады.
Егемен-ақпарат
• 15 Қыркүйек, 2016
Қазақстан мен Вьетнам музейлері арасында меморандум жасалды

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше