16 Қыркүйек, 2016

Алдағы мақсат – Ақ Олимпиада

319 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
02-09-16-nurovАлматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Қысқы Универсиадаға дайындық аяқталып келеді. Осыған орай газет  тілшісі Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекцияның жетекшісі Наил НҰРОВПЕН әңгімелескен еді. – Наил Фаридұлы, ұйым­дас­тыру комитетінде Универ­сиада­ның тұмары мен медальдар логотипін бекіттіріп алды­ңыз­дар. Қандай уайымы­ңыз бар? – Мен әңгімені уайымдамайтын мәселелерден бастайын: ең алдымен, құрылысшыларымыздың Универсиадаға арнап ғажайып спорт ғимараттар тұрғызғанын атап өткім келеді. Аса маңызды спорт­тық үш нысан 95 пайыз да­йын. Олардың ішінде 12 мың орын­дық әмбебап «Алматы-Арена», 3 мың орындық «Халық-Аре­на» және Алматыда тұңғыш рет бой көтерген Олимпиада қала­шы­ғы бар. Ал енді мен не үшін уайым жейді деңіз? Уни­версиа­даға қызмет көрсету шарттары бойынша спорт ойындары мүм­кін­дігінше айқын әрі таза өтуі тиіс, сатып алынған құрылғылар мен бұйымдардың, – олардың ша­масы 1000 лоттан асады, – бар­лы­ғы да Универсиаданың пор­талында жүктеулі тұр. Бүгін біз­дің алдымызға пайдаланатын өнімдердің 60 пайыздан ас­тамы отан­дық болуы керектігі мін­дет­телген. Олардың барлығы бай­қау қорытындысы бойынша анық­талады. Сол байқауда ең үздік­тер жеңімпаз атанса екен, бұл бәсекеде елімізде спорттық құрал-сай­мандар жасайтын және қызмет көр­сететін озық компаниялардың жолы болса екен деймін. Бұл – бір. Екін­шіден, Алатаудың етегіне қар жыл­дағыдан қалың түссе екен деп те армандап отырмын. – Бұқаралық ақпарат құрал­дарына берген бір сұхбатыңызда Универсиада-2017 әлемдік спорт жарыстарының ішіндегі ең тиімді жолын, бағытын, бағ­дарламасын ойластырған спорт ойындары болып отыр дедіңіз... – Қала әкімі Бауыржан Байбек бізбен әр кездесуінде сту­дент­тік спорт ойындарының мүм­кін­дігінше тиімділігі жағына басым­дық беру керектігін үнемі ескер­теді. Біз бұл Ойындар неғұр­лым қымбатқа түссе, соғұрлым үз­дік өтеді деген ойдан аулақпыз. Алыс-жақыннан келген спортшылар мен турист қонақтарды Шығыстың ертегісіне тән аста-төк тоймен думандатып қарсы алу­ды немесе шашылып-төгіліп, бары­мызды көрсетуді мақсат ет­пейміз. Қаланы түрлі-түсті жар­на­маға бояп, қымбат қатынас көлік­­терін заулатып жүргізіп қою да ойымызда жоқ. Біз қонақ­тары­­мызды мүмкіндігінше қысқы спорт ойындарының ұйымдастыру шараларының көңіл көншітетіндей ғұрыптарымен таңдандыруға ұм­ты­­ламыз. Өткен Азия ойын­дарын­дағыдай емес, бұл жолы қаты­нас көліктері жалға алынады. Бюджет үнемдейміз. Тек қана тестілік жарыстан жарты миллиард теңге үнемдей алатынымыз туралы да айтқым келеді. Конькимен жүгіру мен трамплиннен секіруде, хоккей ойыны мен салтанатты қабылдаулар санын шектеуде, шетелдерге жарнама шығаруда ілкімділік таныттық. Мәселен, Азия ойындарында мәдени шараларға мейлінше қомақ­ты қаражат бөлінген, біз бұл жоба­лардан да үнем жасадық. Универ­сиада алауы эстафетасын алып жүру іс-шараларын да қай­та қарадық. Мұның бәрі жап­пай қыс­қарту жасалды деген сөз емес, кері­сінше, қаржының бәрі де өз орны­мен, мазмұнымен жұм­­са­латы­­нын көрсетеді. Бірақ, шара­лар­­дың тиімділік жағына ерекше көңіл бөлін­ді. Көптеген декора­ция­лық қойы­лымдар мен айрықша пафос­тық шекпен-шерулер де жобадан сызылып тасталды. – Универсиаданың директорына, спортшыға және Қазақстанның қатардағы азаматына сауал: «Универсиада-2017» бізге – Қазақстанға не береді? – Алдымен азамат ретінде айтарым: Универсиада спорт әлемінде жаңа есімдерді шығаруы тиіс. Баршаға мәлім бір жайт бар: жас жеткіншек Серік Сәпиевке ұқсағысы келеді, Мессиді пір санайды. Солай емес пе?! Спорт – жас ұрпақ үшін бірден-бір тәрбие мектебі. Екіншіден, еліміз Уни­версиада арқылы ғажайып спорт­тық құрылыс нысандарын иеленді. Өзіміздің танымал спорт кешендерімізді де күрд­елі жөндеуден өткізіп аламыз. Мәселен, биік таудағы «Медеу спорт кешенінің» тұрғызыл­ғанына қанша жыл өтті? Шым­бұлақ спорт курорты мен «Ала­тау» биатлон кешені жедел жөндеу жұмыстарына зәру еді. «Табаған» ұмытыла бастаған. Универсиаданың арқасында олардың барлығының қайтадан өңі кіріп, әрлене бастады. Үшіншіден, біз арман қанатындағы жас мем­лекетпіз. Универсиаданың бұл сатысы Олимпиадалық ойындарға бастап алып келе жатыр. Бірінші баспалдақта біз Азиада өткіздік, екіншіде Универсиада өткелі тұр, үшін­шіде... Мүмкін тағы бір қыс­қы Азия ойындары немесе жабық ғи­мараттар талабы бойынша спорт түрінен жарыс шығып қалар... Қалай дегенде де, түптің түбін­де Қазақстанға Олимпиадаға жол ашылады. Міне, мен соған сенемін. Әңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»  АЛМАТЫ Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТОВ