Елбасы Оңтүстікке келген бір сапарында «Шымкент – Қазақстанның Астана, Алматыдан кейінгі үшінші қаласы болады» деген болатын. Қала ауқымы кеңейді, Төле би, Сайрам және Ордабасы ауданынан қалаға жақын орналасқан елді мекендер қосылды. Халықтың саны бір миллионға жетеғабыл облыс орталығында тәртіпті нығайту үшін Жергілікті полиция қызметі құрылған болатын.
Жақында облыс әкімі Б.Атамқұлов ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамасына жаңа көліктердің кілтін берді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларда 73 «KIA-Rio» маркалы машиналар жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне берілсе, учаскелік полиция қызметкерлері ВАЗ-2121010 маркалы бес машинаға ие болды.
Полиция қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы жақсы жаңалықтарымен құттықтаған аймақ басшысы құрылғанына бір жыл болған Жергілікті полиция қызметінің халық арасында үлкен беделге ие екендігін атап өтті. Алдағы уақытта да ел сенімінен шығуларына тілектестігін білдірді.
Қоғамдық тәртіп сақшылары өздеріне артылған жауапкершілік үдесінен шығатындықтарын айтып, алаңнан салтанатты шерумен жүріп өтті.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше