16 Қыркүйек, 2016

Ұрлықпен ұсталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ұрлық түбі – қорлық» деп атала­рымыз текке айтпаса керек. Алай­да, күзгі орақ науқаны кең қанат жайған қарбалас тұста астық ұрлау­шылардың тәбеті ашыла түседі. Сонда «Дәніккеннен құныққан жаман» демекші, маңдай термен өсірілген ел ризығын далада тегін жатқан дүниедей көретіндер жоқ емес. Міне, солардың бірін тәртіп сақшылары Есіл ауданында ұстады. Шаруашылықтың бірінен 300 кило арпаны қолды етіп, жағасы жайлауда кетіп бара жатқан жырындыны «Орақ-2016» жедел алдын алу шарасының мүшелері тырп еткізбеді. Осылайша жер-жерлерде құрылған жедел топ астық жымқырудың алты фактісін әшкереледі. Сондай-ақ, жанар-жағармай ұрлаудың үш, гербицид жымқырудың бір дерегі тіркелді. – Жедел алдын алу рейдтерінің бас­ты мақсаты – бидай, қатты отын, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін ұрлауды болдырмау және немесе ізін суытпай ашу, – дейді ОІІД криминалдық полиция бөлімінің жетекшісі Сағындық Жантеміров. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы