16 Қыркүйек, 2016

Әзірлік барысы инспекцияланды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
syrtky-ister-ministriҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысын инспекциялау үшін келген Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Е.Ыдырысов көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту бойынша жұмыстың нәтижелері туралы айтты. Бүгінде 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көр­месіне өздерінің қатысатындарын раста­ды, ұлттық секциялардың 92 комиссары тағайындалды, шет елдермен 71 қатысу шарттарына қол қойылды, деді Е.Ыдырысов. Тараптар көрмеге қатысушы елдердің ұлттық күндерін өткізуге дайындық шең­берінде жүргізілген табысты жұмысты атап өтті. Қазіргі таңда осындай іс-шараларды ұйымдастыруға 61 өтінім келіп түскен. Е.Ыдырысов ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің шетелдік қонақтары үшін қолай­лы жағдайлар жасау мақсатында Қазақ­стан шет елдермен визасыз режім қа­лып­тастыру жұмысын жандандыруда екенін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанға 20 дамыған елдің азаматтары визасыз келе алады, ал 2017 жылдың басынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше барлық мем­лекеттердің, сондай-ақ Малайзия, Мо­нако, Біріккен Араб Әмірліктері мен Син­гапур азаматтары үшін (30 күнге дейін) визасыз режім күшіне енеді, деді Сыртқы істер министрі. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдерді тарту бойынша жұмыс барысын жоғары бағалай келе, В.Лоссерталес Қазақ­стан Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросының арасында қол қойылған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімнің аса маңызды екенін атап атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізу мақсатында тығыз байланыс­тарды жалғастыруға уағдаласты.   «Егемен-ақпарат»