15 Қыркүйек, 2016

Қадағалау аясы кеңейе түседі

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов «Прокурор және тергеуші» тақырыбында Дублин қаласында (Ирландия Республикасы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 21-ші жыл сайынғы конференциясы және жалпы отырысына қатысты. Форумда әлемнің 80-нен астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты. Ашылу рәсімінде Ирландия Рес­публикасы Мемлекеттік проку­ра­турасының басшысы Клэр Лофтус пен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі. Онда прокурорлар мен тергеушілер қарым-қатынасы, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шарттардың рөлі, киберқылмыс пен сыбайлас жемқорлық, терроризммен және қылмыстың басқа да ұйымдасқан түрлерімен күресу, халықаралық қыл­мыстық сот төрелігі және дағ­дарыс жағдайындағы тұрмыстық мә­селелер сөз болды. Форумға қатысушылар транс­ұлттық ұйымдасқан қымыстың ал­дын алу, адам құқықтарының ке­пілін қамтамасыз ету, әділ сот, заң үстемдігі, қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтару тетіктерін реттеу үшін прокуратура органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе және ақпарат алмасуды белсендендіру қажеттілігін атап өтті. Форум аясында Ж.Асановтың Дубай Әмірліктері, Ирландия Рес­публикасы, Канада, Таиланд, Түркия, Чехия, Швейцария бас прокурорларымен, АҚШ, Сауд Арабиясы, Әзербайжан бас прокурорларының орынбасарларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздер өт­кізді. Әріптестер халықаралық ұйым­дасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және лаңкестікпен күрес аясындағы ынтымақтастықтың маң­ыз­ды мәселелері бойынша пікір ал­масты. Сонымен қатар, шарттық-құ­қықтық базаны кеңейту және кү­шейту,