Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы жұртшылық асыға күтіп отырған кездесудің қашан болатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 2017 жылы болады. "Жұрт Головкин-"Канело" кездесуін бір жылдан аса уақыттан бері күтіп отыр. Ал Пакьяо-Мейвезер сегіз жыл күткен болатын. Кездесу келесі жылы біз дайын болғанда өтеді. "Канело" 154 фунтта жұдырықтасады, ал Головкин 160 фунтта. "Канело" орта салмақта кездесуге дайын болған кезде біз бұл кездесуді ұйымдастырамыз" деді Оскар Де Ла Хойя. Оның бұл сөзін Boxingnewsonline.net атты бокс жаңалықтарына арналған интернет-басылым келтіреді.
17 қыркүйекте Альварес WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Лиам Смитпен рингке шығады.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше