16 Қыркүйек, 2016

Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған конференция өтуде

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Бүгін Ыстық көл жағалауында Қырғыз Республикасының президенті аппараты жанындағы «Мурас» қорының ұйымдастыруымен «Қырғыз және Қарахан қағанаттары: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» ─ Х-ХІ ғғ. Орталық Азиядағы мұсылман ренессансының айнасы» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың қолдауымен ұйымдастырылған бұл халықаралық жиын түркі жұртының ойшыл данышпаны Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына арналып отыр. 3 күнге созылатын жиында бірнеше мемлекеттен жиналған көрнекті ғалымдар мен түркітанушылар 4 ғылыми секция бойынша баяндамалар оқып, келелі пікірлерін ортаға салады. Айта кету керек, TWESCO да Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына тарту ретінде ұлы ойшылдың «Құтадғу білік» дастанын жариялап, бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізді. Осылайша Академия түркі дүниесіне ортақ тарихи тұлғалардың рухани мұраларын түгендеп, мерейтойларын атап өтуді жақсы дәстүрге айналдырып келеді.