16 Қыркүйек, 2016

Бішкекте ТМД саммиті басталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бішкекте мемлекеттік Ала-арча резиденциясында ТМД-ға мүше елдер басшыларының отырысы басталды, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Саммитке Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (төраға), Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан президенттері Ильхам Әлиев, Александр Лукашенко, Владимир Путин, Эмомали Рахмонов, Молдова премьер-министрі Павел Филип, Түрікенстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Бяшиммурад Ходжамамедов, Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Украинаның Қырғызстандағы елшісі Николай Дорошенко қатысуда. Ұжымдық фотоға түсуден кейін оңаша форматтағы отырыс басталды. Талқыланатын негізгі мәселелер мынадай: ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына байланысты мәлімдемесі, ТМД-ның қазіргі жағдайларға бейімделуі, ТМД-дағы төрағалық және ТМД басшыларының кезекті отырысы мәселесі. Қатысушылар барлығы 16 мәселені талқылайды.