16 Қыркүйек, 2016

Шанхай ұйымына кіретін елдер әскери оқу-жаттығу өткізуде

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-09-5Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы  «Эдельвейс» полигонында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия-2016» бірлескен әскери лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға бес елдің, яғ­ни Қазақстан Республикасы, Қыр­ғыз Республикасы, Қытай Халық Рес­публикасы, Ресей Федерациясы және Тә­жікстан Республикасы Қарулы күш­терінің әскери контингенттері қатысты. Жалпы алғанда, оқу-жаттығуға 2 мыңға жуық әскери қызметші, шамамен 300 бірлік әскери техника жұмылдырылса, олардың біршама­сы жаңғыртылған және заманауи қон­дырғымен жабдықталған, сондай-ақ, құрлық әскерлерінің іс-қимылын қал­­қалауды қамтамасыз етуге арналған 40-қа жуық жауынгерлік авиация тартылды. «Мұндай оқу-жаттығулар­дың өткі­зілуі қазіргі заман талабына сай әрі ШЫҰ жауап­кершілігі өңірінде және жалпы әлемде қалыптасқан халықаралық жағдай негізінде өзінің өзектілігі мен маңыздылығын талай мәр­те дәлелдеген», – деп «Бейбіт миссия-2016» бірлескен оқу-жаттығуының жетекшісі полковник Р.Мұқамбетов айтып өтті. – Оқу-жаттығудың қойыл­ған мақсаттарына қол жеткізу үшін бірге барынша күш-жігері­мізді салатынымыз­ға сенімдімін. Себебі, қазіргі оқу-жат­тығулар «жауыздықтың үш күшімен», яғни лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күресуден басқа, мемлекеттеріміз Қарулы күш­терінің анағұрлым тығыз әскери ынты­мақ­тастығына ықпал етеді». Қазақстаннан оқу-жаттығуға Қа­зақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қыз­метшілері қатысуда. «Егемен-ақпарат» 15-09-2