Тәуелсіздіктің алтын бесігі болған Алматы дәл қазір тотыдайын таранып, алыс-жақыннан ат терлетіп келіп жатқан меймандарды қонақжай құшағына басып, тарих табыстаған қаланың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра көрсететін түрлі тақырыптағы салмақты іс-шаралардың орталығына айналып отыр. Мерейтойдың басты шараларының бірі «Алматы – тарих толқынында» атты ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-шешімімен Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау және «ЮНЕСКО-ның 2016 жылғы мерейтойлық және атаулы күндер күнтізбесіне» ресми түрде енгізілуіне байланысты Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы тарихының музейі ұйымдастырған халықаралық конференция болды. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың басын қосқан бұл алқалы жиында Алматының 1000 жылдық жасын дәлелдеген нақтылы ортақ мәліметтер ортаға салынды.
Конференцияны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев құттықтау сөзбен ашты. Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Татарстан, Өзбекстан секілді іргелі елдердің ғалымдарын шақырған халықаралық конференцияға қазақ тарихшылары, қоғам қайраткерлері, мұражай-мұрағат қызметкерлері тайлы-таяғы қалмай жиналды. Қатысушылар маңызы зор жиынның негізгі баяндамасын жасаған Карл Байпақов, Мұрат Жұрынов, Болат Көмеков секілді академиктердің, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтың Алматы туралы айтқан ғылыми дәлел-дәйегі мол, жан-жақты, тың дерекке сүйенген ой-пікірін қызыға тыңдады. Атап өтерлігі, Жетісудың бас қаласының тарихы төңірегінде Қазақстан тарихшылары ғана емес, шетелдік ғалымдар да көп ізденіп, зерттеген. Олардың көз майын тауысып жазған зерттеу еңбектері жоқ емес.
Оңтүстік Кореяның Хонгик университетінің профессоры Жан Сик Парк Қазақстаннан табылған, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстан мен Жетісудан, Батыс Қазақстан облысынан табылған жәдігерлерді слайдпен таныстыра отырып, артефактілердің айырмашылығы мен олардың құрамына, жасалу технологиясына кеңірек тоқталды. Найзаның үшкір басы, пышақ, жебенің ұшы, қайла, айыр іспетті жауынгерлік соғыс қаруларының қандай металдан жасалғаны, оның құрамындағы мыс, мырыш, темір, қорғасынның пайыздық мөлшері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Мысалы, Батыс Қазақстан аймағынан табылған найзаның ұшы ежелгі Рим жауынгерлері ұстаған найзаға өте ұқсас, тіпті дәлме-дәл көшірмесіндей, бірақ іргедегі Қытай жауынгерлері қолданған тап осындай қарудан бөлек. Сонда бір-біріне өте ұқсас қару ең алдымен қай елге тиесілі болғаны? Кореялық ғалым бұл қарулардың жасалу мезгілін сонау ІІ ғасырға апарып тастады. Сол секілді Алматы іргесіндегі Ұлжан ауылынан табылып отырған таза мыс пен жезден құйылған қазан, мосылар көрші Қытайдан да табылған. Тұтас құйылып жасалған бұл қазандарға кемі 2000 жыл болған. Ежелгі Сақ қорғанынан табылған қазандар қай елден қай елге «экспортталды», міне, бұл мәселе де кореялық Жан Сик Парктің ғана емес, отандық ғалымдардың да болашақта бас қатырар шаруасы болуы тиіс.
Халықаралық конференцияға ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры Андрей Шевелевтің келіп қатысқаны жиынның салмағын арттыра түскендей болды. Арнайы шақырылған қонақтың әңгімесі алматылықтарды қуантып тастады. Халықаралық беделді ұйымның бас штабы Парижде орналасқандықтан, жақын күндері Франция астанасының ең үлкен алаңдарының бірінде Алматы туралы тақырыптық, ғылыми көрме ұйымдастырылады. Бұл – Парижге күн сайын ағылып келіп жатқан мыңдаған туристер мен миллиондаған тұрғыны бар астана халқының қазақтың әдемі қаласы туралы толық ақпарат алуына мүмкіндік туады деген сөз. Шевелевтің айтуынша, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстаннан бес нысан енген. Олар: 1.Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі; 2. Ұлы Жібек жолының Тянь-Шаньмен жалғасатын маршруты; 3. «Таңбалы тас» археологиялық кешені мен петроглифтері; 4. Қорғалжын мен Науырзым қорықтарын біріктіретін Орталық Қазақстан даласы мен көлдері; 5. Алматы қаласы. Міне, ЮНЕСКО тізіміне енген осы бес нысан Қазақстанның бүгінгі абыройы.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Алматының тарихын Түркі қағанатынан, оның арғы жағындағы сақ дәуірінен бастап таратып айта келе, қала тамырын іздеу ісінде 3000, 5000 жылдықтарға дейін бойлау керектігіне үндесе, академик Карл Байпақов күн сайын өркендеп жатқан ғылымда нүктесі қойылған деректің өзі жаңарып отыратынын еске салып, Алматының жасы да соған сәйкес қайта қарастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Жазба және археологиялық қайнарларды жан-жақты талдаудың арқасында ғалымдар Алматының қала ретінде қалыптаса бастауы Х-ХІ ғасырларға тән екенін толықтай дәлелдеді. Ғалымдардың бір ауыздан мақұлдағанындай, Алматы қаласының жасын 1000 жыл деп анықтау барысында, адамдардың бұл аймақты ерте темір және қола дәуірлерінде игерген мерзімін емес, қала түсінігіне сай елді мекеннің қалыптасу уақытын негізге алған. Ғалымдардың пікірінше, Х-ХІ ғасырларда бұл жер әкімшілік биліктің, қолөнердің, сауданың, мәдениет пен идеологияның орталығы болған. Алматы қаласының 1000 жылдығы – тек алматылықтардың ғана емес, сонымен қатар, өз елінің тарихы мен дәстүрін құрметтейтін Қазақстанның кез келген азаматы мақтан тұтатын тарихи оқиға.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
• 16 Қыркүйек, 2016
Алматының 1000 жылдық тарихы туралы конференция болды

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58