Жақында БҰҰ Қарусыздану конференциясының қорытынды пленарлық отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Қазақстанның қарусыздану және қауіпсіздік салаларындағы кейінгі бастамалары туралы мәлімдеме жасады.
Қазақстан дипломаты қатысушыларды таяуда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясында қабылданған Astana Vision декларациясының басымдықтарымен таныстырып өтті. Құжат БҰҰ Қарусыздану конференциясының ресми құжаты ретінде тіркелді.
Ж.Айтжанова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қоғамдастықты ядролық қауіпсіздіктің негізін құрайтын халықаралық шарттар мен институттарды әрі қарай нығайту бойынша міндеттемелерді қабылдауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның қызметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталатынын айтты.
Ж.Айтжанова қатысу-
шыларға осы жылғы қарашада Астанада өтетін Бірінші бейбітшілік саммиті барысында тұңғыш рет ядролық қарусыздану және қауіпсіздік салаларындағы іске қосқан үлесі үшін Халықаралық Назарбаев сыйлығы табысталатынын хабарлады. Жиналғандарды іс-шараға қатысуға шақырды.
Қазақстанның Тұрақты өкілі сөзін қорытындылай келе конференцияға қатысушыларды Корей Халық Демократиялық Республикасының үстіміздегі жылғы 9 қыркүйекте жасаған ядролық сынағына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесімен таныстырды. Құжатта Қазақстан КХДР-ды алтыжақты келіссөздерге оралып, ядролық кеудемсоқтықтан толықтай бас тартуға шақырады.
«Егемен-ақпарат»

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше