19 Қыркүйек, 2016

Футзал. Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне өтті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-09-16-futzal

Қазақстан құрамасы Соломон аралдарын 10:0 есебімен ойсырата ұтып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті. Қазақстан құрамасы сапынан Арнольд Кнауб (9-22 минутта), Дуглас (16-29 минутта) және Павел Таку (28-29 минутта) дубль авторы атанды. Александр Довгань (4-минут), Лео (18-минут), Илья Мун (29-минут) және Николай Пенгрин (38-минут) бір-бір голдан салды. Қазақстан құрамасы: Игита, Лео, Першин, Довгань, Дуглас – Гуров, Кнауб, Нургожин, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Таку, Мун. Бүгінде жерлестеріміз Е тобында 6 ұпаймен екінші орында. Айта кетейік, топтық кезеңдегі алғашқы ойында біздің құрама Аргентина командасынан ұтылып, Коста-Рикамен болған ойында 3:1 есебімен басым түскен болатын. «Егемен-ақпарат»