19 Қыркүйек, 2016

Елбасы домбыра тартты (видео)

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-09-16-prezident

Ақорданың инстаграмдағы парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра тартқан видеосы жарияланды. Бұл туралы Егемен-ақпарат хабарлайды. Елбасы Алматыдағы сапары барысында «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» барды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев орталыққа өзінің жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді тарту етті. Сондай-ақ, Президент қазақтың ұлттық аспабын шертті. «Егемен-ақпарат»