21 Қыркүйек, 2016

Н.Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының бұрынғы депутаты Нұрлан Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті. Сенатордың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тоқтатылған болатын. Н.Оразалин Мемлекет бас­шы­сының стратегиясы мен рефор­маларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге елеулі үлес қос­қаны үшін марапатталды. Қ.Тоқаев бұрынғы сенатордың кәсіби біліктілігі мен прин­цип­шілдігін атап өтті және заң жоба­лары бойынша белсенді әрі нәти­желі жұмысы үшін алғыс айтты. Па­лата басшысы Н.Оразалинге Қа­зақ­стан Жазушылар одағының төр­а­ғасы лауазымында табысты қыз­мет етуіне тілектестігін білдірді. Кездесуге қатысқан Сенат бю­росының мүшелері де әріп­тесі­не, бесінші және алтыншы шақы­рылымдағы Парламенттің депутатына ризашылықтарын білдірді, деп хабарлады Парламент Сена­тының баспасөз қызметі.