21 Қыркүйек, 2016

Басты мақсат – жәрдемдесу, жұмыссыздықты азайту

299 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
zhumyssyzdykty-azaytuБүгінде Жамбыл облысы бойын­ша халық саны 1 088,1 мыңды құрады, оның ішінде зейнеткерлер 110,4 мың адам. Жалпы алғанда бұл өңірде 283 448 адам зейнетақы мен жәрдемақы алады. Алдын ала жасалған болжам бойынша 2017 жылы жасына байланыс­ты зейнетақы алушылардың саны 117,4 мың адамды құрайды. Биыл республика бюджетінен осындай төлемдер үшін 414,5 млрд теңге ау­дарылған, бұл 1998 жылда аударылған сомалармен салыстырғанда 109 есе көп. Ен­ді 2013 жылғы 3 шілдеден бас­тап күшіне енген «Қазақстан Рес­публикасында зейнет­ақымен қам­сыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап – ерлер­ге 63 жас­қа толғанда, әйел­дерге 58 жас­­қа тол­ғанда жүр­гі­зіледі. Бұл ретте Орта­лықтан тө­ленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 6 айға өседі, яғни, 58,5 жасқа толғанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Зей­нетақы жасының өсуі 1960 жылы 1 қаң­тарда туған әйелдерді қамтиды, ал 1964 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап туылған әйелдер зейнетке 63 жаста шығатын болады. Қазіргі таңда Мемлекет бас­шысы­ның зейнетақы реформасы мәселесі бойынша 2013 жылғы 7 маусымдағы тапсырмасын орындау мақсатында зейнетақы жүйесін ке­зең-кезеңімен жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты, жаңғыр­тудың мін­дет­теріне қолданыстағы зейнетақымен қам­сыздандырудың көп деңгейлі үлгісін сақтау, оның ішінде жұмыс берушілердің рөлін кү­шейтуді қамтамасыз ету және зейнеткерлік жастағы табыс көзін әртараптандыру  жатады. Негізгі концептуалды өзгеріс­тердің бірі бүгінгі күні барлығына бірдей еңбек өтіліне және табысына қарамастан, тағайындалатын базалық зейнетақының тағайындау өлшемін енгізу болып табылады. 2018 жылғы 1 шілдеден бас­тап базалық зейнет­ақы жалпы бел­гіленген зейнеткерлік жасқа тол­ған кезде ғана (58-63/63 жаста) зей­нетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем немесе жоқ болған жағдайда, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыз мөлшерінде белгіленеді, 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 пайызға ұлғаяды, ал қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ол күнкөріс деңгейіне тең болады. Ұсынылып отырған өзгерістер бір жағынан еңбек өтілі көп болса да, зейнетке шыққан кезде табыстары туралы мәліметтердің болмауына байланысты төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін әлеуметтік әділеттілікті қал­пына келтіруге,  екінші жағынан қазіргі және болашақ ұрпақтардың еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынаста­рын заңдастыруға бағытталған. Бұл тәсіл әлеу­меттік әділдікті белгілейді – адам көп жұмыс жасаса, онда зейнетақысы да көп болады. Бұл барлықтарына бірдей қазіргі және болашақ зейнеткерлер үшін қолданылады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бас­тап зей­нет­ақымен қамсыздандыру­дың шартты-жинақтаушы құрам­дауышы жүйесі енгізіледі. Қазіргі жұмысшылардың еңбек ақысынан ұстап қалатын 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарына қосымша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5 пайыз зейнетақы жарналарын аударатын болады. Шартты-жинақтаушы жүйе­сінен зейнетақы төлемдерін алу үшін ең тө­менгі қатысу өтілі қа­рас­тырылған (60 ай). Осыған байланысты, зейнетақы тө­лем­дерін алу құқығына 5 жылдан кейін иеленеді. 2023 жылдан бастап жар­налары аударылған және белгіленген зейнеткерлік жасқа толған (58-63/63) адамдар үшін осы жарналары есебінен, сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген барлық I және II топ мүгедектеріне  зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Атап кететін маңызды жай, осы төлемдер өмір бойы ай сайынғы төлем ретінде жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын зейнетақының мөлшері БЖЗҚ қаржылық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне байланысты индекстелетін болады. Бұл ретте, заңнамада зейнет­ақының ең жо­ғарғы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2 еседен аспайтын болады деп ай­қындалған. Жинақтаушы зей­­нетақы жүйесінен айырма­шылығы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебі­нен шартты-жи­нақтаушы құ­рамдаушының зейнетақы төлемдері мұраға қал­дырылмайтынын (себебі жұ­мысшының меншігі болып табылмайды) ерекше атап өту қажет. Бағдарламаның мақсаты – халықтың жұмыс­пен қамтылу деңгейін арттыру, ха­лықтың әл-ауқатын арттыруға жәр­дем­десу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту. Жоғарыда айтылған жаңа тәсілдер 5 инс­титуттық реформа­ны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жо­пары­ның 84 қадамының іске асыру аясында құрылған халықты әлеу­меттік қорғау мәселелері бо­йын­ша кейбір заңнамалық акті­леріне толықтырулар мен өз­гер­тулер­ді енгізу туралы заңында қа­рас­­ты­рылған және 2018 жылдың 1 қаң­­тарынан күшіне енеді. Әлімқұл ТҰРЫСОВ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы