25 Ақпан, 2011

Саламаттылық – сапалы өмір бастауы

760 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сағынбек Тұрсыновтың төр­аға­лығымен Президент жанын­дағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сияның кеңейтілген оты­рысы бо­лып өтті. Онда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аза­маттар­дың саламатты қоршаған ортаға құ­қықтарын қамтамасыз ету, Әді­лет министрлігі Қылмыс­тық-ат­қару жүйесі комитетінің сот­талған­дардың қолданыстағы заңдарында және оның адам құ­қықтары сала­сындағы халықара­лық міндеттемелерінде кепілдік берілген құқық­тарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі және ко­мис­сияның 2011 жылға арналған жұмыс жоспары мен 2010 жылғы есебі туралы мәселелер талқы­ланды. Бірінші мәселе бойынша Қор­шаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов сөз сөйледі. Елбасы биылғы Жолдауында  алдағы он­жылдықтың аса маңызды міндеті Қазақстанның барша азаматтары­ның өмір сүру деңгейі мен сапа­сын жақсарту деп атап көрсетті. Сондықтан да азаматтардың сала­матты қоршаған ортаға құқық­та­рын, сондай-ақ экологиялық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мемлекет­тің басым міндеттерінің бірі бо­лып табылады. Бұл бағытта сөз сөй­ле­гендер қоршаған ортаның са­пасына ерекше көңіл аударып, қоршаған ортаның қолайлы жағ­дайы елдің бәсекеге қабілеттілі­гі­нің маңызды факторларының бірі деді. Демек, Қазақстан орасан табиғи ресурстарға ие болған­дықтан, бұл қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың да алдындағы зор жауапкершілікті білдіреді, сондықтан қоршаған ортаның лас­тануы үшін жауапкершілікті қатайту, сондай-ақ экологиялық мә­дениетті арттыру жөніндегі нақ­ты шаралар уақыт оздырмай қабылдануы тиіс. Екінші мәселесі бойынша Әді­лет министрлігі Қылмыстық-ат­қару жүйесі комитетінің төр­ағасы С.Күсетов баяндама жаса­ды. Ол Әділет министрлігі тарапынан сотталғандардың жазасын өтеу мерзіміндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды шаралар кешені іске асырылды деп атап өтті. Түзеу мекемелерінде құқық тәртібін нығайтуға, жа­заны өтеуді ізгілендіруге, соттал­ған­дар құқықтарын қорғауға, қыл­­мыстардың алдын алуға ба­ғыт­талған мақсатты жұмыс жүргі­зіл­ді, босап шыққан сотталғандарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Күн тәртібінің үшінші мәсе­лесі бойынша сөз алған комиссия хат­шысы Т.Әбішев комиссияның 2011 жылға арналған жұмыс жос­пары мен 2010 жылғы жұмысы­ның нәти­желері туралы хабардар етті. «Егемен-ақпарат».