Кеншілер астанасында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне 23 қызметтік көліктің кілттері тапсырылды. Жалпы полиция қызметкерлерінің жұмысына серпін беру жолында облыстық әкімдік қолдан келген көмектен аянып жатқан жоқ. Мысалы, биылдың өзінде тәртіп сақшыларының керек-жарағына бюджеттен 10 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Полиция қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі құқық қорғау органдарының кадрлық құрамы мен материалдық-техникалық базасын нығайту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын атап өтті.
«Жалпы алғанда, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандырылуы қылмыс деңгейінің төмендеуіне қатты әсер етеді. Бөлінген қызметтік автокөліктер қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайту мен қылмыспен күресті күшейту жолында айтарлықтай септігін тигізеді деп сенемін», деді өңір басшысы.
Рас, полицияға деген көмек облыста пәрменді түрде жүргізіліп келеді. Мысалы, биылдың өзінде облыс басшылығының тікелей қолдауының арқасында жергілікті полиция қызметінің саптық құрам қызметкерлеріне арналып 50 миллионнан астам теңгеге 75 көпфункционалды бейне және аудио жазып алу қондырғылары, сондай-ақ 19 миллион теңгеге арттехникалық қару-жарақ сатып алынған.
«Ішкі істер органдары қызметінің қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтарын ескере отырып, автокөліктердің дені облыс орталығы мен өңірлерде жоғарыда айтылған міндеттерді іске асырушы қызмет түрлеріне бөлініп берілетін болады», деді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Мергенбай Жаппаров.
Сонымен қатар, ол өздеріне бөлінген техниканың полиция қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттерді мейлінше тез шешуге ықпалын тигізетінін атап өтті.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ
• 24 Қыркүйек, 2016
Қарағанды полициясына 23 қызметтік көлік берілді

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше