26 Қыркүйек, 2016

Премьер-министр Сингапур парламентінің мүшесін қабылдады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

pra

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсетуді реттеу мен қадағалау бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім, ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.