26 Ақпан, 2011

Әңгіме арқауы – әріптестік

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төр­айы­мы, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің мү­ше­сі Гүлжан Қарағұсова Еуро­пар­ламенттің депутаты Николь Киил-Нильсен ханыммен жүздесті. Қазақстанның Еуропалық Парламентпен арадағы парламент­ара­лық ынтымақтастық мәселелері кездесудің ортақ тақырыбы бол­ды. Соның ішінде Брюссель қаласында маусым айында өтетіні жоспарла­нып отырған парламенттік ынты­мақ­тастық комитетінің кезекті 10-шы отырысына дайын­дық барысы талқыға салынды. Сонымен қатар, тараптар елі­міздің саяси және экономикалық дамуы, Қазақстандағы эколо­гия­лық мәселелердің шешімін табуы секілді ойлар төңірегінде пікір алмасты. Кездесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің және «ҚР-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комите­тінің мүшесі Марал Итеғұлов қатысты. * * * ЕУРОПАЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ Парламентте Айгүл Соловьева бастаған Мәжіліс депутаттары Еуропа халық партиясының халықара­лық мәселелер жөніндегі хатшысы Брик Николя (Француз Рес­пуб­ли­ка­сы) жетекшілік еткен аталған пар­тияның делегациясын қабылдады. Сонымен қатар, делегация құ­рамында Халық партиясының ха­лық­аралық мәселелер жөніндегі хатшысының орынбасары Диего де Белфорд-Генрикес (Португалия Рес­публикасы), министрдің азаматтық істер жөніндегі орынбасары Сенад Щепик (Босния және Герцеговина), Жаңа демократия партиясының ха­лықаралық мәселелер жөніндегі хат­шысының орынбасары Михаил Пегклис (Грек Республикасы) болды. Сондай-ақ бұл кездесуге Қазақ­стан тарапынан Мәжіліс депу­тат­та­ры Уәлихан Қоңырбаев, Мұрат Әбе­нов, Серік Темірболатов, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының сыртқы саясат басқармасының бас­тығы Саябек Сахиев қатысып, шетелдік әріптестермен пікір алмасты. Кездесу барысында тараптар пар­ламентаралық ынтымақ­тастық­ты дамыту туралы ойларымен бө­ліс­ті. Сондай-ақ Еуропалық Одақ құ­рамын­дағы елдердің саяси пар­тия­ларымен өзара байланыс орнату мә­селелері талқыланды. Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35