2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Т.ДҮЙСЕНОВА
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы №183 бұйрығымен бекітілген
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке
уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдардың еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын құжаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы – мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;
4) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;
5) орталықтандырылған дәрігерлік - консультациялық комиссия (бұдан әрі – ОДКК) – туберкулезге қарсы ұйымда құрылатын комиссия;
6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;
8) еңбекке уақытша жарамсыздық парағының талап етілмейтін бланкісі - Қағидаларға сәйкес ресімделген, бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген адам еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны ұзарту немесе жаптыру үшін келмеген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3) жүктілікті жасанды үзген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) жүкті болған және босанған;
6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.
4. Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;
2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;
6) жүктілікті жасанды үзген;
7) жүкті болған және босанған;
8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
10) карантин;
11) ортопедиялық протездеу;
12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.
6. Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.
7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын:
1) мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілері) өздерінде еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда береді;
2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді.
8. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;
2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.
Көрсетілген жағдайларда пациенттің талабы бойынша амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.
9. Мынадай медициналық ұйымдар:
1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы ұйымдары;
6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) жедел медициналық көмек ұйымдары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді.
2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу,
еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібі
10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде беріледі.
11. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.
12. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.
13. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге жол берілмейді.
14. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады.
Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге береді. Үш күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.
Ауылдық жерлердегі фельдшерлер дәрігер болмаған кезде халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде береді.
15. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберу үшін негіз болмаса және адамдардың еңбек жағдайын аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай ДКК белгілейді.
16. Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі.
17. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы стационарға емдеуге жатқызылған жағдайда емдеуге жатқызылған күннен бастап, бекітілген жері бойынша (басқа қаладан келген адамға – жүгінген жері бойынша) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымда амбулаториялық жағдайларда емделген жағдайларда травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып беріледі.
Адам жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте қызмет көрсетілген кейін келесі күні амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгінеді.
Егер адамға жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте жұма күні, демалыс және мереке күндері қызмет көрсетілсе, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым, травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді және одан кейінгі демалыс пен мереке күндерін олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып береді.
18. Адам ауысым аяқталғанға дейін еңбекке жарамсыз болған жағдайда, кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкері кейіннен медициналық ұйымға жібере отырып, ауысымның аяғына дейін еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын береді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді кәсіпорынның медициналық пунктіне өтініш білдірген күнін есепке ала отырып, адам бекітілген медициналық ұйымның медицина қызметкері жүргізеді.
19. Белгіленген туберкулез, психикалық, тері-венерологиялық, онкологиялық және адамның иммун тапшылығы вирусы/ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі – АИТВ/ЖИТС) аурулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) тиісті медицина қызметкерлері береді. Осы аурулармен ауыратын адамдар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға жүгінген кезде медицина қызметкері кейіннен міндетті түрде адамды мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшеге), ондай болмаған жағдайда бейінді маманға жібере отырып, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.
20. Адамды санаторийлік-курорттық ұйымға ауыстырған жағдайда, оны медициналық оңалту емдеудің ажырамас компоненті болып табылғанда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды адам бекітілген медициналық ұйым жүргізеді.
21. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкері адамды шығарған күні стационарлық емдеудің бүкіл кезеңіне береді.
Егер стационардан шығару сәтіне адамның еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілсе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы шығарылған күнмен жабылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы сақталып отырған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы оның емхананың медицина қызметкеріне келуі немесе медицина қызметкерін үйге шақыруы (бір күннен аспайтын мерзімге) үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.
Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған адамдарға оның тұрақты мекенжайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ күнтізбелік төрт күннен аспайтын мерзімге) есептеледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын одан әрі ұзарту және жабу адамның тұрғылықты жері бойынша ДКК қорытындысынан кейін оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе одан әрі емделу үшін науқас жіберілген медициналық ұйым жүргізеді.
22. Алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйінде алған жарақаттар кезінде, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік жіті уыттанған кезде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі.
Пациентке еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы берілген аурумен байланысты емес басқа ауру туындаған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы жабылады және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Егер, осы ауру бойынша еңбекке қабілеттілік қалпына келгеннен кейін, алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйінде алған жарақаттармен туындаған еңбекке уақытша жарамсыздық жалғасады, қайтадан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы ашылады.
23. Өзге де бұзылушылықтармен және аурудармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамамен куәландырылады. Егер осы кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздықтың болуымен ауру немесе жарақаттан туындаса және алкоголизмді (нашақорлықты) емдеуді тоқтату талап етілсе еңбекке уақытша жарамсыздық жалпы тәртіппен куәландырылады. Созылмалы алкоголизм (нашақорлық) өзге де аурулармен және еңбекке қабілеттілікті бұзатын жағдайлармен асқынған кезде еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне жалпы тәртіппен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
24. Психикалық аурулардан зардап шегетін адамдар медициналық ұйымға уақытында қаралмаған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы психоневрологиялық диспансердің ДКК-ның немесе медициналық ұйымның басшысымен бірлесе отырып, медицина қызметкерінің (психиатр дәрігер) қорытындысы бойынша өткен күндері үшін беріледі.
Соттың шешімі бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы сараптамаға түскен күнінен бастап беріледі.
25. Оқуын жұмыспен қоса атқаратын адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркелген жеріндегі медициналық ұйымдар береді.
26. Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізгі жұмыс орны бойынша беріледі, адамның басқа жұмыс орындарына медициналық ұйым басшысы бекіткен және медициналық ұйымның мөрі қойылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.
27. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (ерлерге) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі данада беріледі:
1) жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақыны жүзеге асыру үшін;
2) жүктілігі мен босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы жөніндегі демалыстар беру үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) беріледі.
28. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы олардың уақытша келген жерінде ресімделеді және тиісті медициналық ұйым басшысының келісімі бойынша беріледі.
Көрсетілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекенжайы бойынша жүргізіледі.
29. Тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық ұйымдарға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын жол жүруге қажетті күнге, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге ДКК қорытындысы бойынша жіберген медициналық ұйым береді.
Бұл еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту адам жіберілген медициналық ұйымда жүргізіледі.
Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын соңғы ресімдеуді ол қайтып келген кезде ДКК басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде жүргізеді.
30. Бекітілген жері бойынша медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын алған адамдарға оларды басқа медициналық ұйымда ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын берген медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған кезде ғана жүргізіледі.
31. Шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін және еңбек ететін оралмандардың, шетел азаматтарының ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттар оның бекітілген жеріндегі медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру үшін негіз болып табылады.
Ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне аудару және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекіту қажет.
32. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарына ауырған, жарақаттанған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі.
33. МӘС-ға:
1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы (сол аурумен) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей;
2) жарақаттану кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін, ауру ағымының болашақ болжамы болған кезде ДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі айға ұзартылады;
3) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.
34. Мүгедек деп танылған адамға мүгедектік тобы белгіленген күнмен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жабылады.
35. Жұмыс істейтін мүгедектер мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен бастап екі айдан кейін МӘС-ға жіберіледі. Егер жұмыс істейтін мүгедектердің денсаулығы мүгедектікке әкелген аурулармен байланысты нашарласа, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қағидаға сәйкес жалпы негіздерде беріледі.
36. Адамды МӘС-ға жіберуден бас тартқан жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы МӘС-ға жіберуден бас тартқан күнінен бастап ұзартылмайды, бұл туралы мәліметтер еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасында көрсетіледі.
37. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланктері қатаң есептілік құжаттары болып табылады.
38. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
39. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді.
40. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беретін денсаулық сақтау субъектілері оның беткі жағын толтырады. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» атауымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының беткі жағында тиісінше не «алғашқы» не «жалғасы» деген сөздердің асты сызылады. Одан кейін медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы, парақты беру күні, пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіліп, медициналық ұйымның мөрі қойылады.
41. «Уақытша жұмысқа жарамсыздық түрі» бағанында парақты беру негізі көрсетіледі. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы босануға байланысты берілсе - босану күні, ұл/қыз баланы асырап алуға байланысты-асырап алу күні, науқас балаға күтім жасау бойынша - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі.
42. «Режим деген жолда жазылған емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі. Медицина қызметкері тағайындаған режимді адамның бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағайындаған зерттеп-қарауды немесе емдеуді орындамау, медицина қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа жерге кетіп қалу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, медицина қызметкерінің қолы қойылады.
43. Тиісті кестелерде стационарлық емдеу мерзімдері туралы, МӘС-ға жолдау күні және олардың қорытындысы туралы белгілер жасалады.
44. «Жұмыстан босату» бөліміндегі «Қай күннен бастап» бағаны араб цифрларымен, ал «Қай күнді қоса алғанда» деген бағанда жазбаша жазылады. Бұл бөлімнің әрбір жолында медицина қызметкерінің лауазымы, тегі мен аты, қолы көрсетіледі.
45. «Жұмысқа кірісу» деген жол адам тексеріліп-қаралғаннан және еңбекке жарамды деп танылғаннан кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша толтырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сақталған жағдайда: «Әлі сырқаттануда» деп жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: «Мүгедектік белгіленді (күні)», «қайтыс болды» (қайтыс болған күні көрсетіледі) деген мәліметтер жазылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының «Жұмысқа кірісу» деген жолында: «Жұмысқа жарамды» (келген күні көрсетіле отырып), «Қай күннен бастап» және «Қай күнді қоса алғанда» деген бағандардағы бос жолдар «Z» белгісімен сызылады.
46. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы адамның өтініші бойынша немесе оның жұмысындағы әкімшіліктің талабы бойынша жабылмайды.
47. Науқастың амбулаториялық картасында (стационарлық сырқаттың медициналық картасында) еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бланкілерінің нөмірлері, олардың берілген күні, ұзартылған немесе жұмысқа шығарылған күні жазылады.
48. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сыртқы бетін адамның жұмыс орны бойынша жұмыс беруші мөр басып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде ақы төленетін жұмыс күндерін көрсетуді есепке ала отырып, толтырады.
49. Дұрыс жазылмағандарды сыза және үстіңгі жағына дұрыс жаза отырып, түзетулер енгізуге болады. Түзетулер денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылған медицина қызметкерінің қолымен ескертіледі.
50. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашқан кезде денсаулық сақтау субъектісінің мөрі парақтың бірінші бөлімінің үстінде оң жағына және жұмысқа шығарған кезде немесе жалғасын берген кезде төменгі жағына қойылады.
51. Барлық еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздарға еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілері бойынша есептілік үшін құжат болып табылатын түбіртектерге қол қойдыру арқылы беріледі.
52. Берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының есебі еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында жүргізіледі.
53. Бүлінген және алынбай қалған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілерін оларды берген медицина қызметкерлері мынадай тәртіппен қайтарады: бланкті иір сызықпен сызады және ірі әріптермен «бүлінген» немесе «қайтарылған» деп жазады.
Бланкілердің түбіртектері, бүлінген немесе алынбай қалған бланкілер медициналық ұйымда екі жыл бойы сақталады, содан кейін басшы бұйрығының негізінде жойылады. Бүлінген немесе алынбай қалған бланкілерді жою туралы акт бес жыл бойы сақталады.
54. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнынан жоғалған еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша жәрдем ақы төленбегендігі туралы анықтаманы ұсынған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген денсаулық сақтау субъектісі оның телнұсқасын береді. Телнұсқаның алдыңғы бетінің жоғарғы жағында «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
55. Тағайындаған күні дәрігердің қабылдауына келмеген адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүгінген күнінен бастап келмеген күндерін есептемей ұзартылады.
56. Еңбекке жарамсыздық жалғасқан жағдайда медицина қызметкері алғашқы еңбекке жарамсыздық парағының «Режимді бұзу туралы белгілер» деген бағанында бұзушылықты белгілеп, адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағының «жалғасын» береді.
57. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланкілері ұрланған немесе жоғалған жағдайда медициналық ұйым оны анықтаған күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген фактілер туралы жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органына хабарлайды.
3. Жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
58. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік жүз сексен төрт күнге беріледі;
2) жүктілігі мен босануы бойынша тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) босандыру ұйымының шығару қағазына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша беріледі (ұзартылады);
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс.
3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды;
4) дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық тірі бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.
Дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық өлі бала туған немесе ол жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;
5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екіден жиырма тоғыз аптаға дейінгі мерзімде тірі бала туған немесе ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан бір күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі. Өлі бала туған кезде немесе туған баласы жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс жеті күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;
6) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;
7) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;
8) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;
9) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.
Жаңа туған ұл немесе қыз баланы (балаларды) асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық ана болу кезінде ұл немесе қыз баланы асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.
4. Балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
59. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының біреуіне береді.
60. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ол күтім жасауды қажет еткен кезенің ішінде, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады. Анасымен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен болған бала тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы басқа қалалық ретінде (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.
61. ДКК қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық, оның ішінде оңалту орталығында емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға:
1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде;
2) үш жастан жоғары ауыр науқас балалардың бала осындай күтімді қажет ететін мерзімге;
3) мүгедек-баланың ДКК қорытындысы бойынша стационарда болған бүкіл кещеңіне;
4) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.
62. Егер бала стационардан шығарылғаннан кейін күтім жасауды қажет етсе, ал емдеуге жатқызғанға дейін күтім жасау үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйым күнтізбелік он күнге дейінгі кезеңге береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы берілген болса, ол қалған күндерге де (он күнге дейін) беріледі.
63. Күтім жасау бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру туындаған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.
64. Егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келген кезде басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде ДКК еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын түпкілікті ресімдеуді жүргізеді.
65. Бір мезгілде екі және одан да көп бала ауырған жағдайда оларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының және анықтамасының біреуі беріледі.
66. Бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, жүктілігі және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғы ауруына байланысты емес басқа ауру туындаған жағдайда) қажет етпейтін кезеңде ауырған кезде күтім жасау бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың сырқаттануы басталған күні есепке алынбай, ата-анасының жұмысқа кірісуі тиіс күнінен бастап беріледі.
67. Анасы (әкесі) балаға күтім жасауды жүзеге асыра алмай ауырып қалған жағдайда, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын анасы (әкесі) ауырған кезде балаға күтім жасауды нақты жүзеге асыратын отбасы мүшесінің біреуіне олардың емделген жеріндегі медициналық ұйым береді.
68. Науқас балаға күтім жасау бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істейтін адам еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.
69. Ремиссия кезеңінде созылмалы науқас балаларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы берілмейді.
5. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
70. Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жар