11 Қазан, 2016

Жүлде жолында – 100 шахматшы

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда алыс-жақыннан жинал­ған 100 шахматшы «Almaty Open-2016» тур­нирі­нің жүлдесін сарапқа салып жатыр. 5 қазанда басталған жарыс он күн бойына жалғасып, 14-ін­де мәреге жетеді.  – «Almaty Open-2016» – тұсауы енді кесілген шахмат жарысы. Жарысқа Тәжік­стан­нан, Ресей­ден, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан­нан, Бельгия және Гру­зия­дан ойыншылар келді. «Алматы Опеннің» аясында еліміздегі шахмат ойынының арда­герлері мен 16 жасқа дейінгі жасөс­пірім шахматшыларды да марапаттаймыз, – деді Қазақ­стан шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов. Турнирдің қызықты өтуіне бәсе­­ке­­лестердің атақ-абыройы мен шар­­шы тақта үстіндегі салмағы да әсер ететіні анық. Қонақтар арасын­да өзбек шахматшысы Жахонгир Вахи­дов Орталық Азия Кубогының ие­гері және халықаралық «Hastings Inter­national Chess Congress» тур­ни­рін­де екі жыл қатарынан дес бермеген. Кеше аяқталған 4 турдың нәти­жесі бойынша үш бірдей қазақ­стан­дық толық 4 ұпай жинап, топ бас­тап келеді. Ойын рейтингінде 2307 есебімен көрінген Гүлісхан Нахбаева бірінші орында тұрса, Константин Казаков пен Арыстанбек Оразаев алғашқы үштікке енді. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ