15 Қазан, 2016

Құрды қырып салғандар құрықталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында табиғатты қорғау поли­циясының қызметкерлері мен «Охот­зоопром» мекемесінің инспекторлары бірігіп жүргізген рейд барысында заң­сыз аң-құс атқан браконьерлер ұсталды. Сарытерек селолық округіндегі Кенелі қыстағының маңында қолға түскен бұл бес браконьер Балқаш қала­сының тұрғындары болып шық­ты. Тексеру барысында олардың авто­көліктерінен оққа ұшқан 47 құр, арқар­дың лағы және аңшы мылтығы табылды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қа­тысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы