01 Наурыз, 2011

Әзірлік жұмыстары жан-жақты жүргізілуде

467 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С.МЕЛДЕШОВПЕН әңгіме – Бақыт Сәрсенбайұлы, сайлау науқанын тиісті құжаттар­мен қамтамасыз ету барысы қалай? – Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 3 сәуірге тағайын­далған кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы туралы сайлау құжат­та­ры­ның нысандарын өзінің 4 ақпандағы қаулысымен белгіледі. Бұл қаулымен дауыс беру бюллетенінің, сайлау­шылар тізімінің, кандидат­тар­ды қолдап қол қою па­рақтарының, тағы да басқа бірқатар құжаттардың ны­сандары бекітілді. Құжат­тама­лық қамтамасыз ету жалпы сайлау науқанын ұй­ымдастыру мен өткізудің маңызды шарттарының бірі болғандықтан, біз әрдайым оған көп көңіл бөлеміз және қажетті құжаттардың ныса­нын мұқият анықтауға, дер кезінде әзірлеуге ұмтыламыз. – Үміткерлердің ел Конс­­ти­туциясы мен «Сайлау туралы» Заң­ға сәйкестігі анық­талды. Енді кандидаттарды тіркеу қалай жүргізіледі? – Қазақстан Республикасы Кон­ституциясы мен «Қазақстан Рес­публикасындағы сайлау тура­лы» Конс­титуциялық Заңда қойы­­ла­тын талаптарға сәйкес деп анық­талған үміткерлер Орталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін бірқатар шараларды ат­қа­руы қажет. Біріншіден, аумақ­тық сайлау комиссияларында сенім білдірілген адамдарын тіркеуі және солар арқылы Астана, Алматы қалалары мен кем дегенде тоғыз облыстан барлық сайлаушылар­дың кем дегенде 1 пайызының дауысын жинауы (91 010 растал­ған қол), екіншіден, Орталық сай­лау комиссиясының есеп шо­тына заңмен белгіленген ең тө­менгі жалақының 50 еселенген мөл­шерінде сайлау жарнасын аударуы (799 950 теңге), үшін­шіден, өзінің және жұбайының 2011 жылғы 1 ақпанға мүлкі мен кірісі туралы декларацияны тұр­ғылықты жері бойынша салық органдарына тапсыруы қажет. Ал Орталық сайлау комиссиясы кан­дидатты тіркеу туралы мәселені, ол заңмен көзделген барлық құ­жаттарды тапсырған соң, өзінің отырысында қарап, тиісті қаулы қабылдайды. – Ол қандай құжаттар? – Сайлау туралы Конститу­ция­лық заңның 56-бабы 5 және 6 тармақтарына сәйкес, тіркеуден өтуі үшін үміткер сайлаушы­лар­дан қолдап жиналған қолдардың растығын дәлелдейтін аумақтық сайлау комиссиясының хаттама­сын, өмірбаяндық деректерін, өзі­нің және жұбайының мүлкі мен кірісі туралы құжатты салық органдарына тапсырғаны жөнін­де анықтаманы, сайлау жарнасын аударғанын куәландыратын құ­жат­ты тапсыруы тиіс. Сондай-ақ қоғамдық бірлестік атынан ұсынылған үміткерлер жо­ғарыда аталған құжаттармен қоса, өзін ұсынған қоғамдық бірлестік отырысы хаттамасының шешімі мен аталған қоғамдық бірлестіктің Әділет министрлігінде тіркелгендігі жөніндегі қо­сымшаның көшірмесін және өзі­нің президенттік сайлауға түсе­тін­дігі жөнінде өтініш тапсыруы қажет. Ал өзін-өзі ұсынған үміт­керлер өзінің президенттікке тү­су­ге бел байлағаны жөнінде жеке өтініш тапсыруы тиіс. – Президенттікке кандидат­тың сенім білдірілген адам­да­ры қалай тіркеледі? – Жоғарыда айтылғандай, пре­зиденттікке кандидатқа рас­талған 91 мың 10 қол қажет. Қол жи­науды кандидаттардың сенім білдірілген адамдары жүргізеді. Олар аумақтық сайлау комис­сия­сында тіркелуі керек. Ол үшін сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты-жөні көрсетіл­ген тізімді, сондай-ақ сенім білдірілген адамның бұған келіскені туралы өтініштері тиісті аумақ­тық сайлау комиссиясына тапсы­рылуы тиіс. Сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамның әрқай­сысына куәлік береді. Заң талап­тары бойынша, кандидаттың әр­бір учаскелік сайлау комиссия­сы­на үш адамға дейін сенім білдірілген өкілін тіркеуге құқығы бар. Ал елімізде 9 мыңнан астам сайлау учаскесі бар екенін ескерсек, әр кандидаттың 27 мыңнан астам сенім білдірілген адамдары болуы мүмкін. Оны кандидат­тардың өздері белгілеуі тиіс. – Кандидатты қолдап қой­ылған қолдардың растығы қа­лай тексеріледі? – Кандидатты қолдап қол қой­ылған парақтар аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады. Аумақтық комиссия тиісті мекемелермен, атап айтсақ, төлқұжат қызметімен бірлесе отырып, қол қойылған парақтардағы сайлау­шы­лар қолдарының растығын тек­серуден өткізеді. Осы жерде айта кететіні, бұл кезектен тыс президенттік сайлау болған­дық­тан, оны өткізу мерзімі екі ай деп белгіленіп отыр. Соған байла­нысты Ортсайлаукомның қаулы­сы­мен қол қою парақтарын тексеру мерзімін он күннен бес күн­ге дейін қысқарттық. Бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде екі адам тіркелді. Бұл кандидаттардың тап­сырған құжаттары ел Консти­ту­циясы мен «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Конс­титуциялық заң талаптарына толық сәйкес келді. – Естуімізше, президенттік сайлауға келетін байқаушылар қатары көп секілді. – Бұрынғы өткізілген президенттік сайлаулар кезінде халық­аралық байқаушылардың қызы­ғу­шылығы жоғары болған. Биыл­ғы жылы да солай болатын сы­ңай­лы. Бүгіннің өзінде бірқатар ірі халықаралық ұйымдар, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро­сы сайлауды байқауға қатысатын ниет­терінің бар екенін білдіріп отыр. Шет мемлекеттер мен ха­лықаралық ұйымдардан келетін байқаушылар ресми тіркеледі және оларға сайлау барысын бай­қауға қатысуға мүмкіндік беретін куәлік беріледі. Орталық сайлау комиссиясы оның да үлгісін бекітті. Ал қазақстандық байқау­шы­лардың тізімін еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссияларына тапсыруы қажет. Оларға куәлік берілмейді. Партиялар мен қо­ғамдық бірлестіктер басшылары­ның мөр басып берген хаты бой­ынша, жеке куәліктерін көрсете отырып, байқаушы ретінде қаты­суларына болады. Сондай-ақ отандық БАҚ өкілдерінің қолын­да редакция басшыларының хат жүзіндегі тапсырмасы болуы тиіс. – Бұрынғы науқандарда сайлауды ұйымдас­ты­рушы­лар­ға, сайлаушыларға жадынама жіберілуші еді. – Қазір Орталық сайлау ко­мис­сиясы учаскелік сайлау ко­миссия­лары мүшелеріне сайлау учаскелері ашылған күннен бастап, сайлау қорытындысы шыға­рыл­ғанға дейінгі аралықта не істеу керектігі жөнінде жадынама дайындап жа­тыр. Онда учаскелік сайлау комис­сиялары мүшелері­нің қызметі мен міндеті, барлығы көрсетіледі. Мұн­­дай жадынама, сондай-ақ аумақ­­тық сайлау ко­мис­сиялары­ның мүшелері үшін де, шетелдік байқаушылар үшін де әзірленді. Ал сайлаушыларды хабардар етуге келетін болсақ, барлық учас­келік сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлау­шы­ларға арналған ақпараттар және кандидаттардың өмірбаяны суретімен бірге ілінеді. Бұған қоса барлық учаскелік сайлау комиссияларында жеке және заң­ды тұлғалардан түсетін өтініштер мен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал болады. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сай­лаушылардың сауалдарына өз құзіреті шегінде жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, арнайы бекітілген медиа-жоспар бойынша біз электоратты науқанның бары­сы, дауыс беру күні мен уақыты туралы күнделікті хабардар етіп отырамыз, электронды бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы жұмылдыру бейне-және аудиороликтері көрсетілуде. Яғни, халық президенттік сайлауға, дауыс беру тәртібіне байланысты мағлұ­матты әртүрлі ақпарат көздерінен алып отыратын болады. – Тізімде бар кейбір сай­лау­шы­лар сайлау күні жақын­да­ғанда еліміздің өзге өңірлеріне жол жүріп кетуі мүмкін ғой. – Ондай жағдай жиі кездеседі. Сондықтан іссапарға жүретін немесе басқа жағдайлармен жол жүретін сайлаушының өз учаскелік сайлау комиссиясынан есептен шығару куәлігін алуына бо­ла­ды. Бұл куәлік оған барған жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді. Ол үшін сайлаушы өзінің учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жазуы керек. Ал өтініш кемінде дауыс беретін күннен 16 күн бұрын бастап, 2 сәуір күнгі сағат 18.00-ге дейін қабылданады. – Бақыт Сәрсенбайұлы, сай­лау­шылардың бір қалада тұрса да, ондағы өзге сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруіне бола ма? – Мұндай жағдайда сайлау­шыға есептен шығару куәлігі берілмейді. Өйткені, оның бір елді мекенде тұрып, сол жердегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігі жоқ. – Саяси партиялар мен қо­ғамдық бірлестіктердің өкіл­дері сайлау комиссияларының жұ­мы­сымен таныса ала ма? Бұ­ған қан­­дай мүмкіндіктер ту­ғызылған? – Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сайлау науқаны кезінде өз өкілдерін сайлау комиссиясына жіберуге құқылы. Мұндай өкіл­дердің сайлауды даярлау мен өткізу кезеңіне кеңесші дауыспен тиісті сайлау комиссиясының оты­рыстарына қатысу құқығы заң­мен көзделген. Өкінішке қарай, партиялардың басым көп­шілігі бұл мүмкіндікті пайдалана бермейді, әсіресе учаскелік сайлау комиссиялары деңгейінде. Жақында біз өткізген рес­публикалық семинар-кеңесте саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері бұл мәселені көтерді. Бұған қатысты айтарым, егер олардың өкілдері комиссия мүшелерінің қатарында жоқ болса, онда тиісті хат жазу арқылы қатыса алады. Олар сайлау ко­миссиялары отырыстарында қа­рал­ған мәселелер бойынша дауыс бермейді, қалған барлық үдеріс­терге қатысуына болады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.