Теріс ағым ықпалына түсіп, дәстүрлі Ислам дінін мансұқ еткен петропавлдық тұрғынның қоғамымызға жат іс-әрекеттері өзгелерге, әсіресе, жастарымызға сабақ болса игі
Ай-күннің аманында адамды түлен түртейін, шайтан азғырайын десе, оңай екен. Мұса 2012 жылы тамызда Шам еліне барып, ел ішін алатайдай бүлдіріп, қанды қақтығыстарға итермелеп жүрген халықаралық содырлар қатарында «қарулы джихадқа» қатысу арқылы «дінсіздерге» тойтарыс беруді көздейді. Ойын жүзеге асыру мақсатымен Алматыда тұратын Насирулла деген танысына жолығып, қаржылық жағынан көмектесуді өтінеді. Дәстүрлі емес ағымдардың идеялық жақтастарын өз қатарына тарту үшін түрлі айла-шарғылар қолданатынын, қаржылық қызықтырушылыққа ерекше мән беретінін ескерсек, бұл кездесу жоспарлы түрде ойластырылған тәрізді. Анау да мұның келуін, осы сөзін күтіп тұрғандай, бірден елп ете қалады. Осы арада Насирулланың делдалдық қызмет атқаруына қандай ішкі-сыртқы күштер ықпал жасап отыр деген сұрақ туады. Әр-әр жерлерде осындай жалдамалы агенттер мен жүйелердің жұмыс істеуі әбден мүмкін ғой. Екеуін Ыстанбұлда Абусара есімді бейтаныс жанның қарсы алуы да көңілдегі көп күдікті қоюлата түседі. Бұлай деуіміздің сыры, оларды жатын орынға жайғастыру, қаржылай жәрдемдесу, тағы басқа шаруаларды сөзге келместен тап-тұйнақтай тындырып береді. Енді бұларға көлденең көк аттыдай Абу Аиша деген азамат қосылып, жол-жөнекей қатарлары көбейіп отырады. Түркия-Сирия шекарасында жергілікті тұрғынның бастауымен оппозициялық күштер орналасқан Атма елді мекеніне жетеді. Бұл жортуыл да күнібұрын белгіленген шара десек, қисынға келеді. Осы жерде әскери және физикалық дайындықтан өтіп, қару-жарақ түрлерін пайдалану әдістерін меңгереді. Екі аптадан кейін Баб-әл-Хава бекетінде шоғырланған халықаралық содырлар ұйымына қосылады. Олардың джихад» идеологиясын басты ұран етіп ұстайтындары, Қазақстанда террорлық ұйым ретінде жарияланып, қызметтеріне тыйым салынғандары тіпті де ойландырмайды. Керісінше, «Ал-Каиданың» сойылын соғатын «Джейш-әл-Мухаджирин-вәл-Ансар» деген топтың құрамына енеді. Оның сапында Сирияның үкіметтік әскеріне, бейбіт тұрғындарға қарсы операцияларға, лаңкестік ұйымдар қадағалайтын аймақтың шекарасын күзетуге қатысады. Мұса 2012 жылдың желтоқсан айына дейін лаңкестерге қызмет етіп, сосын жеке өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатымен Ыстанбұлға оралады. Осында түпкілікті қалуға бел байлағанымен, Түрік Республикасының көші-қон туралы заңын бұзды деген айып тағылып, 2016 жылы Қазақстанға депортацияланады.
Мұсаның адвокаты оған ешқандай шаң жуытпай қанша қорғаштаса да, «дәлелдері» еш қисынға жанаспайтынына, теріс ағымдағы қарулы жасақ құрамында «дінсіздерге» қарсы соғысуды күнібұрын ойластырғанына, Түркияны қоныстануы әншейін сылтау екеніне сотта бұлтартпас айғақтар келтірілді. Осылайша, Сот үкімімен Мұса Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл өмірін темір тордың арғы жағында өткізетін болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29