Елордада Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі бірлесе отырып, цифрлы экономика дәуіріндегі Үкіметтің өзгеруі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге бірқатар министрлік өкілдерімен қатар, үкіметті цифрландыру жұмысы бойынша Германия, Австралия, Үндістан елдерінен келген сарапшылар қатысты. Шетелдік мамандар өз елдеріндегі қолға алынған жұмыстарды ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Осы жиында айтылғандай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Бұл бағдарлама цифрлы экономикалық жүйе арқылы халықтың өмір сапасы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Бұған дейін электронды үкіметтің порталында жұмыс істеудің қиындығы сөз болып, портал қарапайым тұтынушылардың тарапынан сынға ұшырағаны белгілі. «Зерде» холдингінің бағдарламаларды басқару департаментінің директоры Әлібек Ерғалиевтің айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешілетін болады.
Осы жиында австриялық сарапшы Ширли Грегор цифрлық басқару арқылы қаншалықты қаржы үнемдеуге болатыны туралы қызықты деректер келтіріп өтті.
– Цифрлы үкімет уақыт үнемдеу, жұмыс жоспарын тиімді жасауға көмектеседі. Мәселен, Австрияда ел астанасының бюджетін ақылмен жоспарлау арқылы қалалық муниципалитет жыл сайын 2 миллион еуро үнемдейді. Бостонда коммуналдық қызметтердің жұмысын мобильді қосымша арқылы қадағалау халықтан түсетін өтініш, арыз-шағымдарды 66 пайызға азайтқан, – деді Ш.Грегор.
Осы орайда, Қазақстанда «Зерде» холдингі бірқатар маңызды жұмыстарды қолға алып жатқанын айта кеткен жөн. Соның арқасында елімізде мемлекеттік секторды цифрлық өзгерту қарқынды жүргізілуде деуге болады. Мәселен, жоғарыда айтып өткен «Электронды үкімет» порталын еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 50 пайызы, яғни шамамен 5 миллион адам қолданады екен.
Биылғы жылдың сәуір айынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыс істей бастағаны белгілі. Бұл корпорация халыққа электронды түрде 530 түрлі қызмет көрсетіп жатыр, алдағы уақытта қызмет саны одан әрі көбейтілмек.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
• 15 Қазан, 2016
"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33