15 Қазан, 2016

Кеңес аясындағы кездесу

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ba­kyt­zhan-sagyntaevКеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесті. Бұл туралы Қа­зақстан Респуб­ли­касы Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады. Кездесу барысында тараптар сауда-эконо­ми­ка­лық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвес­тициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Арме­ния бизнес-форумын өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Б.Сағынтаев пен К.Карапетян ЕАЭО ая­сында алдағы өзара іс-қимылдың перспективаларын қарастырды. Еске салсақ, кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барған болатын.