Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге бүкіл әлемде ядролық қарудан бас тарту жолында дәйекті күрес жүргізіп келе жатқан дана әрі алысты болжайтын жаһандық көшбасшы ретінде лебізімді білдіру құрметіне ие болып отырмын. Қазіргі беймаза дүниеде ядролық, оның ішінде террористік қатер ауқымы өсе түсіп отыр және ядролық қару қолдану қаупі бар жанжалдар адамзат алдында тұрған басты жаһандық проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында уақыттың осындай сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл мен ядросыз әлемге қарай жаһандық қозғалыс саласында мойындалған көшбасшы болып отыр. 1991 жылы, тек мемлекеттік көрегендік пен көшбасшылық мінез таныта отырып, Сіз Семей ядролық полигонын жабу туралы бірден-бір дұрыс шешім қабылдадыңыз. Ал 1994 жылы Сіздің күш-жігер жұмсауыңыздың нәтижесінде Қазақстан аумағынан соңғы ядролық оқтұмсықтар әкетілді. Сіз басқаратын мемлекеттің азаматтары батылдық пен шешімділік көрсетіп, ядролық фантомдар билік құрған әлемге қасқайып қарсы шығып, өздерінің балалары мен болашақ ұрпағына ядролық қатерден азат елде өмір сүру бақытын сыйлады. Қазақстан Республикасына ядросыз ел мәртебесін қамтамасыз еткен осындай өткір де тағдыршешті қадамдар алдыңғы қатарлы және сенімді дамып келе жатқан бір мемлекет шеңберінде қауіпті ядролық қару-жарақ технологияларынан бас тарту мүмкіндігін ғана көрсетіп қоймай, бүкіл адамзат үшін бейбіт ядросыз болашаққа деген үміт отын жақты. Ядролық қарудан азат Орталық Азия аймағын құру – Сіздің жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші мәнге ие тарихи еңбегіңіз. Бүгінгі күрделі халықаралық жағдайда қуатты еуразиялық державаның көшбасшысы ретінде нақ Сіз Еуропада ядросыз аймақ құру бойынша қозғалысқа басшылық ете отырып, өркениет дамуын ядросыз арнаға бағыттай аласыз. Мұның орнықты даму мен бүкіл планетаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіні сөзсіз. Менің бұл пікірімді Ресейдегі, Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі, Еуропа мен Орталық Азиядағы миллиондаған адамның бөлісетініне және қолдайтынына сенімдімін. Ресейлік антиядролық қозғалыстың атынан біздің елдеріміздің ядролық қарудан азат әлемге бет алған жолдағы ынтымақтастығына барынша үлес қосуға дайын екендігімізді білдіремін. Үлкен құрметпен, Максим ШИНГАРКИН, VI шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты, Қорғаныс жөніндегі комитет мүшесі200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29