Астанаға қара суық түсіп, қар жауып кетсе де, елорда тұрғындары оңтүстіктің қарбыз-қауынын жеуге мүмкіндік алды. Құрт-ірімшік, қымыз-шұбат, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдар және бар. Бүгін таңертең «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында Оңтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі басталды. Сөреге қойылған өнімдерді алып жатқан адамдардың қатары қалың көрінеді. Жәрмеңкеде сәбіз, картоп, пияз сияқты көкөністердің килосы 50 теңгеден, баялды – 100 теңгеден, құрттың килосы – 1 400 теңгеден, ірімшік – 1 100 теңгеден, жылқы еті – 1 200 теңгеден, жылқының қазысы – 1 500 теңгеден, жұмыртқа – 22 теңгеден сатылуда.
Әсіресе, қарбыз-қауын сатып алушылардың кезегі ұзаққа созылыпты.
—Астанада қарбыздың маусымы тез өтіп кетеді, тойып жеп үлгермейміз. Сол себепті, оңтүстіктің қарбыз-қауынынан ауыз тиейік деп сатып алдым. Килосы 90 теңгеден екен,— дейді жәрмеңкеге келген сатып алушы Айман есімді астаналық.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Серік Тұрбековтің айтуынша, сатылып жатқан азық-түліктің барлығы облыстың шаруаларының өнімі. Оңтүстік Қазақстан облысы көкөніспен өзін-өзі қамтып қана қоймай, көршілес елдерге экспорттауға да үлгереді.
— Қазақстанда жасалған акциясының аясында облыстық өндірушілер 300 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкелді. Сауда жасауға келген адамдар көп, өнімдеріміз жақсы өтіп жатыр,— дейді С.Тұрбеков.
Оңтүстік Қазақстан облысы биылғы жиын-терім науқанын зор жетістікпен аяқтағанын айта кету керек. Биыл облыс бойынша, 470 мың тонна астық жиналыпты. Бұл былтыр бұл көрсеткіш 246 мың тонна көрсеткіштен әлдеқайда мол көрсеткіш. Астықтың орташа түсімділігі гектарына 22 центнерді құраған. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғарғы рекордтық өнім кен. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жеміс-жидек, көкөніс егілетін жерлердің көлемін де жыл сайын ұлғайтып, дихандарға қолдау көрсетуді жүйелі түрде жүргізіп келе жатыр. Сәйкесінше өнім көлемі де артуда.
Облыс шаруаларының өнімдерінен Астанаға да ауыз тигізізетін жәрмеңке бүгін және ертең, яғни, екі күнге созылады.
Нұрхан АСҚАР

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29