Халық арасында «Пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және келісім сарайының ашылғанына 10 жыл болды. Аталған ғимарат еліміздегі достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің белгісі іспетті.
Бейбітшілік және келісім сарайы туралы идея Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы бұл идея туралы 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының тұңғыш съезінде айтқан еді. Сөйтіп, екінші съезд Пирамидада өткізілді. Сарайдың ашылу салтанатында әлемдік опера әншісі Монсеррат Кабальенің сахнада өнер көрсеткені де ел есінде. Бейбітшілікті темірқазық еткен сарайда конфессияаралық форум өткізіліп, оның жұмысына Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Ат-Түрки, Орыс православие шіркеуінің Патриархы Алексий ІІ, Израильдің Бас ашкеназий раввині Иона Мецгер және басқа да көптеген діни көшбасшылар қатысты.
Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын ауқымды шаралар, соның ішінде өнердің шыңы саналатын опера әншілерінің концерті, сирек кездесетін өнер туындыларының көрмелері ұйымдастырылады. Аталған орда Астананың мәдениетін дамытуға өзіндік үлес қосып келеді деп толық айтуға болады.
Тағы бір тілге тиек етер жайт, Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі әлемі ғылыми мекемелерін үйлестіріп, көптеген зерттеу жобаларын жүзеге асырып отырған Халықаралық Түркі академиясы, танымал түркологтардың ондаған мың кітабы мен қолжазбалары сақталған Түркі академиясының кітапханасы мен музейі, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы, Халықаралық мәдениет және дін орталығы орналасқан.
Бейбітшілік және келісім сарайының авторы – белгілі британдық сәулетші Норман Роберт Фостер. Суретші Брайан Кларктың нағыз өнер туындысы – Қазақстан жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстарды білдіретін 130 көгершін бейнеленген витраж Пирамиданың ұшарбасының көркін келтіріп тұр. Ғимараттың жылжымалы қаңқасы жергілікті климатты ескере отырып жасалған, ал лифттер 60 градус көлбеу диагональмен қозғалады, мұндай лифттер Эйфель мұнарасында және Лас-Вегаста «Люксор» қонақ үйінде ғана бар.
Мерейтойға арналған гала-концерт «Pyramid Dance Group» шығармашылық би тобының жарқын мюзиклімен ашылды. Пирамиданың құрылысы туралы театрландырылған қойылым мен оның қызметі туралы үзінділер көрермендер назарына ұсынылды. Этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары шараға қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.
Нұрлыбек Досыбай,
«Егемен Қазақстан»

Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Білім • Бүгін, 17:10
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:06
Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды
Оқиға • Бүгін, 16:50
ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?
Білім • Бүгін, 16:33
Шымкент тұрғыны заңсыз газдалған сусын өндіріп сатқан
Оқиға • Бүгін, 16:24
АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?
Әлем • Бүгін, 16:20
Самара – Шымкент тасжолындағы апаттан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:00
Тарихи алтын: Қазақстан құрамасы голболдан топ жарды
Спорт • Бүгін, 15:55
Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Елорда • Бүгін, 15:40
Nazarbayev University докторантураға 200 грант бөледі
Білім • Бүгін, 15:32
Астанада бір күнде екі адам өзіне қол жұмсады
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:30
Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды
Президент • Бүгін, 15:20
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 15:00
Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:50