19 Қазан, 2016

Ұлттық брендке дауыс беру басталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Егемен ақпарат». «15 қазанда біз еліміздің Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға өтініш қабылдауды аяқтадық. Жалпы, тамыздың 31-нен бастап 966 өтінім келген болса, солардың 794-і дауыс беру кезеңіне жіберіліп отыр. Менің ойымша, бұл азаматтарымыздың елдік мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Байқауға кәсіби мамандармен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес мемлекеттерден әуесқой безендірушілер қатысты. Ал бүгін байқаудың келесі кезеңіне өтетін жұмыстарды анықтау үшін SMS дауыс беру басталады», – деп жазды министр. SMS жолдау тегін. Сол арқылы өзіңіз қалаған бір ғана жұмысқа дауыс бере аласыз. Министрдің айтуынша, байқаудың жұмыс тобы дауыс берудің көптеген нұсқасын қарастырды. Өйткені, 800-ге жуық өтінімнің барлығын жұрт назарына тең дәрежеде ұсыну оңайға түскен жоқ. Сондықтан барлық 794 жұмысты олардың реттілігі әрбір қолданушы үшін әртүрлі болатын тәртіппен орналастырылған. Өзіңізге ұнаған, ұлттық брендке осы лайық деген жұмысқа мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз: http://mic.gov.kz/kk/competition/votes/1