19 Қазан, 2016

Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың 22-23 қазан күндері Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дзюдодан халықаралық  турнир өтеді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. Биыл 16-шы  мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 250-ге жуық татами шебері 16  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Жарыс ұлдар және қыздар арасында да 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнирдің салтанатты ашылуы 22 қазан күні сағат 12.00-де «Евразия» спорт кешенінде өтеді.