19 Қазан, 2016

Қазақстан футбол федерациясының президенті ауысты

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін, 2016 жылдың 19 қазан күні Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтіп, федерация басшылығында бірқатар өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты мәлімдеді.  Отырыс барысында келесі шешім бекітілді: - ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың білім алу үшін ұзақ уақыт кетуіне байланысты Федерация президентінің міндеті Сейілда Икрамұлы Байшақовқа жүктелді.