19 Қазан, 2016

Шавкат Мирзиеев - Өзбекстан президенттігіне үміткер

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзбекстан басшысы міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасы ел президенті сайлауына қатысу үшін мақұлданды. "Өзбекстан премьер-министрінің кандидатурасы «бұдан бұрын пленум ұсынған партиямыздың атынан президент сайлауына қатысатыны бірауыздан бекітілді", деп хабарлады РБК Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясының (ӨЛДП) өкіліне сілтеме жасап. ӨЛДП өкілінің айтуынша, таяу уақытта партия тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына кандидат туралы мәліметтерді ұсынады. Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте 79-ға қараған шағында инсульт алып, қайтыс болды. Бұған дейін премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзиеев ел президентінің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. Қыркүйектің басында Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы осы жылдың 4 желтоқсанында ел президентінің сайлауын өткізу  туралы шешім қабылдады. Конституцияға сәйкес, егер президент өз міндеттерін орындай алмаған жағдайда, жаңа сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс. Президент міндетін заң бойынша сенат төрағасы орындауы қажет. Қазір Өзбекстанда бұл лауазымда Нигматулла Юлдашев отыр. Бұдан бұрын «РИА Новости» хабарлағандай, ол президент міндетін атқарудан өздігінен бас тартты.