19 Қазан, 2016

Ақтөбеде зиялылар Әбіш Кекілбаевты еске алды

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  ???????????????????????????????????? Ақтөбеде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған бірқатар шара өтті. Оған қатысуға Астанадан және Алматыдан арнайы қонақтар келді. Олардың арасында Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева, қызы Сәулет Кекілбаева, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин, қоғам қайраткері Зейнолла Алшынбаев, академик Кенжеғали Сағадиев, жазушы Қажығали Мұхамбетқалиев,заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев, қазақтың белгілі ақын қыздары Ханбибі Есенқараева,Оңайгүл Тұржанова, ақын Өтеген Оралбаев,«Егемен Қазақстан»республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі болды. f Қонақтар алдымен қазақтың көрнекті қаламгері Тахауи Ахтанов пен атақты ақын Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында және Назарбаев зияткерлік мектебінде Әбіш Кекілбаевқа арналған қазақ әдебиеті және қазақ тілі бөлмелерінің ашылуына қатысты. ???????????????????????????????????? Түстен кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты өтті. Оған Әбіш Кекілбаевтың отбасы мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жергілікті ақын-жазушылар, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Осы университеттің филология факультетінің студенті 3 курс студенті Қайырхан Жұбаниязов заманымыздың заңғар тұлғасына арнауы жиналған жұрттың көңілінен шықты. [caption id="attachment_67705" align="alignnone" width="800"]???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????[/caption] Бұдан кейін осы университеттің Студенттер сарайында Әбіш Кекілбаевқа арналған «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Онда жазушының шығармашылығы туралы осы жоғары оқу орнының гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры Алпысбай Мұсаев баяндама жасады. Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин, академиктер Кенжеғали Сағадиев, Амангелді Айталы, жазушының жары Клара Жұмабаева және басқалары қазақтың біртуар тұлғасы туралы естеліктер айтты. Конференция жұмысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаенв қорытындылап, Әбіш әлемінің жастарға өнеге екенін жеткізді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері үшін Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы тағайындалатынын атап өтті. Заңғар жазушының еске алуға байланысты шаралардың алда да жалғасын табатынын айтты. ???????????????????????????????????? Қазақтың қарымды қаламгерін еске алу шаралары кешке Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры ұжымы сахналаған Әбіш Кекілбаев пен Шыңғыс Айтматовтың «Ханша–Дария хикаясы» спектаклінің тұсаукесерімен жалғасты. Сатыбалды Сәуірбай, Ақтөбе