20 қазан күні кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қарсыласы Патрик Аллотей Алматыға келеді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат.
Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының ақпаратына сәйкес, Патрик Аллотей мен оның командасы 20 қазан күні Алматыға келеді. Ал 21 қазан күні сағат 11:00-де «Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде баспасөз маслихаты өтеді. Онда Қанат Ислам мен Патрик Аллотей тілшілердің барлық сұрақтарына жауап беретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді. Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі мен «UBC» тұжырымының әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Спортшының лақап аты - «Қазақ».
Қарсыласы - ганалық боксшы Патрик Аллотей. Ол кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған, қалған жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Сондай-ақ 24 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан.
«Қарсыласым осал емес. Ол да «жеңсем» деген ниетпен келе жатыр. Бірақ, мен кәсіби рингте алғаш рет өз елімізде жергілікті жанкүйерлер алдында шаршы алаңға шыққалы отырмын. Мен оларды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын. Алматыда күндіз-түні жаттығып жатырмын. Қазір жұмыс жоспарым бәрі ойдағыдай», - деген болатын Қанат Ислам.
Айта кетейік, «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін аталмыш кеште өзінің кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін әлем чемпионы, Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы да өткізеді.
Сонымен қатар ел намысын Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы қорғайтын болатын.
Бокс кешіне билеттер бағасы 1 мыңнан 10 мың теңгеге дейін.
• 20 Қазан, 2016
Қанат Исламның қарсыласы қазақстандық тілшілерге сұхбат береді

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше